Ежелгі қазақ даласын аты аңызға айналған Шыңғысхан мен оның ұрпақтары да сан жылдар бойы бағындыра алмағаны тарихтан белгілі. Қазір әлем ғалымдарының басын қатырып отырған бір нәрсе ол- Шыңғыс хан мен оның балаларының Қазақ даласын жайлаған рулар мен тайпаларға қатысының қаншалықты екені. Ендеше біз де өздеріңіздің төл журналға шындықтың беті таласта ашылатындығын ескере отырып, батыл болжамдарды жариялай бастаймыз.
Қазіргі Қазақстан, Монғолия, Ресей, Қытай және Кіші Азия жерлерінде ежелден түрік тұқымдас үйсін, қаңлы, жалайыр, алшын, найман, керей, уақ, арғын, қырғыз, татар тағы басқа да толып жатқан тайпалар мекендеген. Сонау белгiсiз ықылым заманнан олардың қойы қоралас, ауылы аралас ұлан байтақ кең аймақта көшіп-қонып өмір сүрген. Тағдыр тәлкегінің әсерінен кей тайпалар жан баға алмайтын бейшара күйге түссе, кейбір тайпалардың әлеуметтік тұрмыстары жақсарып, экономикасы, мәдениеті өскен. Осындай ретсіз дамудың салдарынан бір тайпа ел бірнешеге бөлініп, тілімен қоса діні, сыртқы түрі өзгеріп, бір-біріне ұқсамайтын күйге жеткен. Мәңгілік өмір ағымында бір халық бірнеше ұлтқа бөлініп, өзгеріп жүре берген. Тарихтан білетініміз, XII-ғасырдың басында қазіргі Монғолия мен Ресей аумағында, найман, керей, монғол, татар, жалайыр, тағы басқа көптеген тайпалар көшіп-қонып жүрген. Айтып отырған өңірде сол кездегі үстем күшті тайпаларға найман, керей, меркіт, татар руларының жатқаны анық. Ал монғол тайпасынан айлалы ұйымдастырушы, ақылды қолбасшы шығып, әлсіз монғол тайпасының мәртебесін жоғарылатады деген ой күшті тайпаларды басқарып отырған хандардың бірінің есіне келмеген.
Алтын Орда, Бату хан Асылжан Дулати,ҚР Журналистер одағының мүшесі,тарихшы-деректанушы Тарих тағылымында біз білмейтін тарихи оқиғалардың әлі күнге дейін сыры ашылмай...
Қайрат Зарыпхан,шежіреші, мифолог. тілбілімші (лингвист) Аулақпын дерегі жоқ болжамдардан, Әр жұртта ұмытылып олжаң қалған» деп ақын Есенғали Раушанов айтқандай, дерексіз,...
Шекербану РАХМЕТОЛДАҚЫЗЫТәуелсіз ақын, жазушы, тіл қайраткері Қазақ елінің, бастапқы ата мекенінің, жерінің тарихы тереңде жатқаны белгілі. Сол сияқты Қазақ тілінің...
Абулхаир төре Бексұлтан ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қазақ халқы толық мемлекет болып қалыптасқанша, өз тарихында қилы-қилы, қиын-қыстау замандарды бастан кешкені...