Алтын Орда, Бату хан
![Асылжан Дулати, тарихшы-деректанушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» тарихтану бөлімінің меңгерушісі](https://chingizkhan.kz/wp-content/uploads/asyljan-dwlati.jpg)
ҚР Журналистер одағының мүшесі,
тарихшы-деректанушы
Тарих тағылымында біз білмейтін тарихи оқиғалардың әлі күнге дейін сыры ашылмай келе жатқан сабақтастығы бар екенін қаншама зерттеу жұмыстарымыздан көріп жүрміз. Ұлы даланы жайлаған түркілердің тылсым дүниесі көптеген ғалымдардың ғылыми тұжырымдарын шатастырып жүргені де жасырын емес. Бір ғана оқиғаның төңірегіндегі жүріп жатқан шым-шытырық тарихи дүниелердің анықталу барысының өзі қаншама ғылыми жұмыстардың негізі болғаны ақиқат. Өйткені, әрбір тарихи оқиғаны шынайы түрде ғылымға негіздеп, түп-төркінін ашу үшін де сол дәуірдің барлық жол-жосықтарын түсінуге тура келеді. Сондай әлі күнге дейін ғалымдар арасында талас тудырып, әрқилы ой-пікірдің хауызына өзек болып жүрген тарихи оқиғалардың бірі және бірегейі, бұл – барша түркі баласының басын қосқан ұлы моғол империясының ыдырауына себеп болып, ұлыстардың өз алдына жеке мемлекет ретінде қалыптасуының басты қаһарманы болған Қайду ханның Тараз қаласы маңындағы Талас өзенінің жағасында өткізген Ұлы Талас құрылтайы еді. Тарихта өзінің биік бағасын алған осы құрылтайдың тарихи деректерге негізделген оқиғалар желісін тарқатып айтсақ дейміз. Бірақ, осы ұлы оқиғаны айтпас бұрын біз кішкене артқа шегініс жасағымыз келеді. Себебі, бұл құрылтайдың не үшін құрылғаны және оның себептерінің шығу негізін білу мақсатындағы тұжырымымызды Шыңғысхан дәуірінен бері тарқатып айтсақ түсінікті болады деп ойлаймыз.
Бұл мазмұн тек жазылушыларға қол жетімді