CHINGIZKHAN FM

ИНТЕРНЕТ-БАСЫЛЫМ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРИХИ-ЭТНОЛОГИЯЛЫҚ,
ӘДЕБИ-КӨРКЕМ ЖУРНАЛ

МҰҒҰЛДАР (түркілер) ДЕГЕН КІМДЕР?

Тарихшы-деректанушы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» тарихтану бөлімінің меңгерушісі.

Жарияланған күні:

31.03.2023

(Мұғ-мұғ ұлы, мог-могол, маг-магол сөздерінің түркілік мағынасы)

АҢДАТПА:
Бұл ғылыми мақалада «Мұғұл» сөзінің түп-төркіні қайдан шыққандығы, қандай мағына бергені туралы баяндалады. 13 ғасырда әлемді жаулаған Шыңғысхан елінің Мұғұл атанып, оның тарихы тереңде жатқаны жайында тың деректермен зерттеледі. Қазақтың кең дархан даласында бір кездері «Мұғ», «Мық» атанған тайпалар өмір сүргендігі, олардың сонау Сақ дәуірінен бері жасап келе жатқан Ғұн, Үй-сін, Қаңлы секілді мән-мағынасы ұмытыла бастаған ерте замандық тайпа атауы болғандығы жөніндегі деректер толық қамтылады.

АБУ РАЙХАН ӘЛ-БИРУНИ:
«Заратуштрадан кейін 1500 жылдан соң бүтін билікке магтар (мұғұлдар) келеді. Абу-Абд-Аллах-аль-Ади магтардың келетініне сеніп, жұлдыздар мен плане-талардың бірігуі арқылы болжам жасаған. Оның болжамынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі планеталардың 18-ші бірігуінде Магтардан бір адам келеді. Ол барлық жер шарының билігін қолына алады. Ол арабтардың және басқалардың патшалықтарын жояды, елдерді бір дінге біріктіреді, бір билікке топтастырады, жауыздықты жояды»… (Мұғ тайпасынан шыққан Шыңғысханның әлемді жаулап алатыны туралы айтқан сөзі)

МҰҒҰЛДАРҒА КӨЗҚАРАС
Кең байтақ сахарада сағым қуып, сары түске боялып жатқан түркілердің Ұлы Даласында қаншама атаулардың мағынасы өз деңгейінде зерттелмей түпсіз терең тұңғиықтың тұйығында жабулы жатқаны бәрімізге белгілі. Тіптен, сонау ерте заманнан ұмытылмай қалай аталса, солай айтылып бізге жеткенімен қазіргі таңда, олардың мән-мағынасы жүз пайызға өзгеріп кеткеніне көз жеткіземіз. Алайда, әлі де сонау түркілік дәуірден сақталып қалған сөздер мен атаулардың, жер-су аттарының түпкі өзегіне үңіліп қарайтын болсақ, түбі бір түркі халықтарының бәріне ортақ түп негізі боларлық тамырына жолығатынымыз хақ. Бұл – заман көшіндегі жаңашылдықтың тыңнан түрен салған ұлы өзгерістерінің жаңа ғасырдағы бастамасы десек те, ол бастаманың өзеуреген өзегі сонау ерте дәуірлердегі бабаларымыз түркілердің ортақ тарихи мұрасында жатқанына сенімдіміз. Сонымен, біздің зерттегелі отырған тақы-рыбымыз орта ғасырдағы әлемді дүлей күштей жайпаған мұғұл (түркі) тайпаларының атауына қатысты болмақ. Шынында қазіргі уақытқа дейін бір де бір тарихшы немесе ғалым Шыңғысханның түрік-қазақ екенін дәлелдеп жазса да, ешқайсысы да Шыңғыстың дүние жүзіне таратқан түркілік атауы «Мұғұл» сөзінің мән-мағынасын зерттемеген екен. Бұл – осы уақытқа дейін қара шапанның астында көміліп жатқан термин ретінде қалып кеткені өкінішті еді. Хош делік, бірақ, әрбір сөздің бір мағынасы да мәнін білдіретін сүбелі негізге айналған тамыры да болу керек қой?! Ерте ме кеш пе, әйтеуір, бұл атаудың зерттелетіні ақиқат еді. Себебі, оның мағынасын білмей жатып, әлемде ондай халықтың бары мен олардың осындай атаумен әлемге танылғанын зерттеудің өзі түсініксіз күйде қалар еді. XIII ғасыр әлем картасында үлкен өзгеріс әкелген тарихтың танымды тармағы болып қалғаны рас. Еуропа халқы әлі күнге дейін 13 санынан қорқатынын ескерсек, олардың шыбын жанын шоқтай шыжғырған 13 ға-сырдағы Мұғұлдар кімдер еді? Дауылдай жер бетін жайпаған Шыңғысхан бастаған мұғұлдар сонау Қиыр Шығыстан Еуро-паның кіндік ортасы мен Африкаға дейін бағындырып, өздерінің Дала заңына бағыт-талған темірдей тәртіптерін орнатты. Бір де бір ел мен мемлекет олардың қарсы алдына шығуға шамасы келмей, буыны ұстамаған қария жандай қалтырап, дірілдеп, еріксіз басын июге мәжбүр болды. Тіптен, мәжбүр-леді десек те артық айтылмаса керек. Сонау жыл санауымыздың басынан бері қарай жан-жаққа шашылып жүрген және әртүр-лі атаумен Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Түрік, Түргеш, Оғыз, Қыпшақ, Қимақ болып аталып келген түркілік тайпалар, ең соңында Мұғұл (түркі) деген атаумен бір шаңырақтың астына біріге отырып, дүниені дүр сілкіндіріп, осы атты барша түркі баласының атауына айналдырып кетті. Алғашқы рет бұл атаумен Алтай тауын мекен еткен тайпалар сонау 9 ғасырда аталған екен. Бұл туралы Тибет пен Алтай түркілерінің арасындағы келісімшарт ретінде келісілген тасқа жазылған Тибеттік жазуда Мұғұлдар (түркілер) деген аттың алғаш кездескенін ғалымдар жазып жүр. Одан кейін Мұғұл (түркі) атауы үнсіз өшіп барып, Шыңғысхан құрған алып империяның атауы болып бірақ шықты. Әлемге танылған бұл атау – бізге естілмеген, білмеген термин ретінде тарих сахнасында осылайша пайда болды.

Негізінен мұғтардың арғы тарихына көз жүгіртер болсақ, олардың тарихы сонау Сақ дәуіріне баратынына көз жеткіземіз. Сол бір біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтарда Орталық Азияның иесі атанған мұғтар – парсы патшалығымен көп соғысып, парсылармен көп араласып кеткен. Тіптен, парсы әскерінің құрамына Сақтармен бірге барып, сол жерді мекендеп те қалған. Грек тарихшысы Геродот оларды Мидияның ірі тайпаларының бірі деп атаған. Ал, Мидия патшалығы орталық Азиядан барған түркілік тайпалардың одағы екенін қазіргі ғалымдар дәлелдеп жүр. Негізінен, Мидия патшалығы б.з.б. 7 ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болған. Мидияның алғашқы патшасы Қиақсар патшаның (шамамен б.з.б. 625 – 584) тұсында ол Көне Шығыстағы ұлы державалардың біріне айналды. Қиақсар қазіргі Иранның солтүстік жерінде әскери реформа жүргізіп, Әзербайжан сақтарымен бейбіт келісім жасап, сол дәуірдегі гүлденген Вавилонмен күш біріктіріп, б.з.б. 607-605 жылда-ры Ассирияны талқандады, кейін Урарту мен Каппадокияны басып алды. Қиақсардың баласы әрі мұрагері Астиағ тұсында Мидияны парсы патшасы Кир жаулап алып (б.з.б. 553 – 550/49), Ахемен әулеті биле-ген парсы патшалығының құрамына қосты. Геродот өзінің аты шулы «Тарихында» сонау Египетке дейін Сақтардың жаулап барғанын және Мидия патшалығын құрған Қиақсарға көмектескенін жазады. Сол еңбегінің бірінші кітабында былай дейді: «Маэтиди көлінен Фасия өзенінің жағасына және Колхидаға дейін жақсы жаяу жүргінші үшін отыз күндік жол, ал Колхидадан Мидияға дейін алыс емес, ол жолда тек бір халық – саспейри бар және біз олардан өткен кезде біз Мидияға жетеміз. Алайда, скифтер, бұл жолдан өтпеді, одан ауытқып, Кавказ тауының оң жағына созылған жоғарғы жолды таңдады. Содан кейін мидиялықтар скифтермен кездесіп, шайқаста жеңіліске ұшырады, Мидиялықтар үстемдігін жоғалтты. Ал скифтер болса бүкіл Азияға өз билігін таратты» (104 бөлік). Әрі қарай: «Сол жерден олар Мысырға бет алды. Олар Сирия Палестинасына келгенде, Мысырдың патшасы Псамметих оларға қарсы шықты. Ол скифтерге сыйлықтар беріп, өз дегеніне иландырып, оларды одан әрі бармауға көндірді. Содан олар шегініп бара жатқанда, Сирияның Аскалон қаласына соқты, скифтердің көпшілігі қалаға ешқандай зиян келтірместен өтті, бірақ, олардың кейбіреулері қалаға соғып Урания Афродита ғибадатханасын тонап кетті» (105 бөлік). «Сонымен, скифтер жиырма сегіз жыл бойы Азияны иемденді және олар өздерінің менмендігі мен озбырлығының арқасында бәрін тауға айналдырды. Бір жағынан олар жаулап алған халықтардан алым талап етті, олардың әрқайсысы үшін алымды анықтады және алым жинап болған соң, олар атқа мініп, тарап, сосын тонап кетті. Сақтар Қиақсар мен мидиялықтарды тойлауға шақырды, оларға ішкізді де ұнамағандарын өлтіріп тастады. Осылайша, мидиялықтар өздері болған елде өз билігін қайтадан қал-пына келтірді және бұған дейін Нинді иемденді және Вавилон аймағын қоспағанда, Ассириялықтарды да жаулап алды. Содан кейін қырық жыл патша болған Қиақсар скифтердің үстемдігімен бірге қайтыс болды» (Геродот «Истории в девяти книгах». Книга-І «Кліо». К.Наукова, думка, 1993. А.Билецкий: предисловие, перевод, примечания. 106 бөлік).

Міне, бұдан байқайтынымыз Мидия патшасы Қиақсар сақтардың үстемдік етіп тұрған кезінде солардың демеуімен патшалығын құрғанын сезінеміз. Айтпақ ойымыз, осы Мидия патшалығын құрған тайпалардың бірі де Маг тайпалары еді, яғни, оларда Сақ-Түркі тайпалары болатын. Аталған деректерден сол дәуірдің өзінде Сақтар Египетке дейін жаулап алып, өздерінің көптеген тайпаларының парсы елдерімен араласып кеткендігінің куәсі боламыз.

Осы жерде Мекемтас Мырзахметовтың 2001 жылы 10 наурызда облыстық «Ақ жол» газетінде жарық көрген «Тұранның ұлы қағаны» атты мақаласынан үзінді келтіре кеткен жөн сияқты: «Міне, осы құылыстарды ескере отырып, біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырда түрік тайпаларын біріктіріп, ұлы Тұран өлкесінде құрылған ұлы қағандық хақында сөз еткіміз келеді. Бұлар туралы тарихи жазба деректер көздері зороостризм дінінің қасиетті кітабы «Авестада» баяндалған. Тұран-ның ұлы қағаны Алып Ер Тоңа «Авестада» Афрасиаб атымен беріліп отырады. («Авеста». Тегеран 1991, 1-2 том) Еуроцентристік танымдағы ғалымдар скиф, сақ деген халықтарды түркі жұртына қимай, ол парсы тектес деген ойды насихаттаумен келеді. Мақұл солайақ болсын дейін десек, парсы жұрты табынып келген зороостризм дінінің қасиетті кітабы «Авеста» өздері Афрасиаб деп атаған Алып Ер Тоңаны парсыларға қарсы жау ретінде көрсетіп отырады. Тіпті ұлы ақын Фирдоусидің «ІІІаһнамасында» да Афрасиаб парсы жұртының жауы ретінде суреттеледі емес пе? Ал скифтер, сақтар үндіеуропалық тілде сөйлеген болса, солар жайлаған жерді уысында ұстап, қағандық билігін жүргізіп отырған Алып Ер Тоңа үрік тілінде неге сөйлейді?… Иранды тізе бүктіріп, өз билігінде ұстаған Алып Ер Тоңа қағанға тәуелді Иран шаһы Кейқысрау оны аса мәртебелі қонақ ретінде сарайына шақырып, қағанды опасыздықпен асына у қосып беріп, б.з.д. 626 жылы мерт етеді».
Сонда деймін-ау, сол иранға кеткен мұғ-маг тайпаларын бір кездері Афрасиаб қаған да басқарып барғаны ғой?! Тағы да осы мақаласында Мекемтас ағамыз: «Алып Ер Тоңаның азан шақырып қойған аты Мадай екендігін де біліп отырмыз… Ал, Алып Ер Тоңа оның халық атап кеткен мадақ аты екен. «Алып» деген сөз бүкіл түрік халықта-рына ортақ мағынада айтылатын өте күшті батыр, қолбасшы баһадүр деген мағынаны береді екен» дейді. Тіптен, Мидия мемлекетінің бір кездері Мадаи, Мадая деп те аталғанын білеміз. Мұның барлығы Парсы тағына отырған Афрасиабтың шын атымен Мадай аталып кетуі де мүмкін екенін жай ұқсастық деп ойламаймыз.

ТҮРКІ-МАГ ТАЙПАЛАРЫ, МАГИЯЛЫҚТАР
(қасиетті тас иелері, сиқыршылар)

Осы Мидия патшалығын құрған тайпаларды Гректің тарихшысы Геродот өзінің (Геродот «Истории в девяти книгах». І книга «Кліо». К.Наукова, думка, 1993 г. А.Билецкий: предисловие, перевод, примечания) атты еңбегінде Магтар, маг тайпалары деп атап және олардың Шығыс Азия мен Әзірбайжанның оңтүстік өлкесінен келгенін жазады. Ол магтардың жадылау, сиқырлау өнеріне таң қала отырып, бұларды сиқыршылар деп те жазған екен. Шын мәнісінде біздің бабаларымыз түркілер де сиқырлау өнерін мықты игергенін ортағасырлық көптеген тарихшылар жазып кеткен. Сонымен, Геродоттың жазбасына көңіл бөліп көрейік. Ол өзінің тоғыз томдық еңбегінің бірінші кітабында парсылар, мидиялықтар, лидиялықтар туралы естіген, көргенін жазады. Осы еңбегінде алғаш мидиялықтардың өз алдына патшалық құрғанын және оның алғашқы патшасы Фраорта ұлы Деиок болды дейді. Аталған еңбегінде: «Сонымен, Деиок бүкіл Мидия халқын біріктіріп, оған билік етті. Бұл халық көптеген тайпалардан тұрды, атап айтқанда: бустар, паретакендер, струхаттар, аризанттар, будиялар мен маг тайпалары. Мидия тайпаларының құрамы осындай болды» (Геродот «Истории в девяти книгах». І книга «Кліо». К.Наукова, думка, 1993. А.Билецкий: предисловие, перевод, примечания. 101 бөлік) деп, олардың ішінде маг тайпалары барын айтады… Осылайша Деиок құрған Мидия патшалығының әрі қарайғы тарихын, олардың парсылармен соғысқанын суреттейді. Осы жазбасында кәрі тарихтың қарт суретшісі Деиоктан соң билік Қиақсарға өткенін, одан оның ұлы Астиғқа қалғанын хабарлайды. Осы Астиағтың Маданна атты қызы болады. Маданна туралы әкесі бір күні түс көреді. Сол түсінде қызы улы зәр шығарып, Астиағтың қаласын ғана емес, бүкіл Азияны басып қалғанын көреді. Содан шошып оянған Астиағ, бұл түсін жорыту үшін дуақантпен айналысатын Маг тайпаларын шақырып, соларға айтады. Магтар оған парсының орташа дәулетті бір кісісіне үйлендіріп құтылуын ұсынады. Сонымен, бой жетіп өскен Маданнаны парсының Камбис атты адамына үйлендіреді. Қызы үйленгеннен кейін де Астиағ бір түс көреді. Түсінде қызынан туылған бала тікенекті гүлге айналып, оның тікенегі бүкіл Азияны жауып тұрады. Тағы да осы түсінен қорыққан ол магтарды жору үшін өзіне шақырады. Сонда магтар: «Қызыңнан туған бала ер жеткен соң әлемді билеп, сенің де тағыңа қол салады», деп жорып береді. Не керек, сол бала аяғында парсының ұлы патшасы Кир болып шығады.

Міне, Геродоттың жазбаларында осындай қызықты оқиғалар орын алған. Сол заманның өзінде тек Маг тайпаларынан басқа ешқандай ру дуақантпен, жадылаумен, сиқыршылықпен, түс жорумен айналыспағанын көріп тұрмыз. Бұл көріп-келдік біздің халқымызда сол ата-бабамыздан жалғасын тауып әлі күнге дейін келе жатыр. Дәл осындай дуа жасаушылардың Түркі қағанаты кезінде болғанын да дәл осылардай аспаннан қар, жаңбыр, бұршақ жаудыра алатынын Л.Гумилев өзінің «Көне Түріктер» атты еңбегінде тәптіштеп айтып береді. Аталған еңбегінде: «Юебань туралы хикаяда күнді суытып, жаңбыр жаудыра алатын дауқант жайлы сөз болады. Жужандармен соғыс кезінде Юебанның дуақанттары қарлы боранды шақырып, оны Жужандарға қарай бағыттап жібереді, сосын жужандар ішінде суықтан үсігендер саны көбейіп кетеді де, олар жорықты тоқтатып, кейін қарай тайып тұрады» дей келе Аварлар мен франктердің соғысы кезіндегі Авар дуақанттарының іс-әрекетін жазады: «Аварлар франктермен соғысып жатқанда, авар дуақанттары күнді күркіретіп, қара дауыл шақырады, сондай найзағай франк лагеріне соғыс жай түсіреді де, олар жеңіліп қалады» (Л.Гумилев «Көне Түріктер». Алматы «Білім» баспасы, 82 бет) деп түркілердің сиқырлау ісімен бұрыннан айналысатын жалғыз ел екенін жазады. Қытайдың бес мың жылдық тарихты жазған деректерінде түріктер туралы, олардың шыққан тегі жөнінде деректер көптеп кездеседі. Өйткені, қытайдың ең басты жауы да, қарсыласы да, қорқынышы да түркілік тайпалар еді. Сол себепті олар түркіттердің немен айналысатынын, қайдан шыққанын, былайша айтқанда бүкіл салт-дәстүрін теріп отырып хаттарына түсірді. Сол жазбалардың ішіндегі «Жоунама 50 бума, 42 баян, Түрік» бөлімінде: «Түріктердің арғы аталары Ғұндардың солтүстігіндегі Сақ елінен шықты. Олардың ұлыс басы Абам бек деп аталды. Олар он жеті ағайынды еді. Оның бірі Іді Нышида еді, ол қасқырдан туды. Нышиданың табиғаттың өзгеше құбылысын сезетін қасиеті бар еді. Ол күнді жауғызып, жел соқтыра алатын еді» («Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» Алматы «Өнер» баспасы, ауд: Ж.Мырзаханұлы, Ә.Ақыштайұлы, К.Қайыржанұлы, Ш.Ахметұлы. 36 бет) деп, асылтекті Түркі қағандарының түп атасы болған тұлғаның да сиқыршылықты, дуақантты игерген жан екенін айтыпты. Тағы да «Оңтүстік әулеттер тарихы, 79 бума, 69 баян, батыс өңірдегі елдер» тарауында: «Олардың еліндегі жадашылар күнді жайлатып, лезде алай-дүлей қарлы боран соқтыра алады. Әп-әзір ашық тұрған күн артынша лайсаң нөсерге айналады да, жеңіліп қашса да оларға ешкім жете алмайды» («Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» Алматы «Өнер» баспа,,сы, ауд: Ж.Мырзаханұлы, Ә.Ақыштайұлы, К.Қайыржанұлы, Ш.Ахметұлы. 81 бет) дей отырып, барша түркілердің осындай қасиеттерін сипаттайды.

Еңбектерді оқып отырып, түркілер туралы қай дерекке қарасаңыз да барлығы да осындай сыйқырлық қасиеттердің тек түріктерде ғана бар екенін жазады. Міне, бұдан аңғаратынымыз — Мұғ, маг тайпалары да осы түркінің аталары, болмаса ұрпақтары екенін санамызға салып тұратыны. Себебі, осындай дауқанттылықты алдыңғы Азия елдерінде тек маг тайпалары ғана игергенді. Осы қасиет Маг-мұғ тайпалары арқылы сонау ескі замандарда алдыңғы Азия елдеріне тарап, гректер олардың тайпалық аты Маг атауымен магия — сиқырлау деген терминді әлем мифологиясына енгізіп жіберді.

Тіптен, бұл түркі-мұғ тайпаларының осы сиқырлау қасиеттерін ортағасырлық арап тарихшылары да үздіксіз таң қалумен өздерінің еңбектерінде жазып, өз елдерін хабардар етіп отырған. Солардың бірі Ибн Әл-Факих өзінің «Китаб ахбар албулдан» атты еңбегінде де түріктердің сиқырлау мен жаңбыр, қар, тағы басқа нәрселерді жаудыра алатын тастары туралы айтады. Аталған еңбекте: «Абу-л-Аббас Иса ибн Мухаммед ибн Иса ал-Мервези бізге былай деп айтты: біз Хорасанның шекаралас аудандарында, өзеннің ар жағындағы (яғни, Мавераннахрда) және сол елдерге іргелес басқа да аймақтардағы — оғыздар, тоғызғұздар мен қарлұқтардан көп қызықтарды естуді тоқтатқан жоқпыз, ал олардың (қарлұқтардың) өз патшалығы бар және олардың өз жауларына деген өте жоғары және күшті менмендігі бар. Сонымен қатар, сол түріктердің өз арасында саяхаттап жүргенде немесе басқа да жағдай бола қалған жағдайда жаңбыр жаудыратындар бар және олар өздері қалаған нәрсенің бәрін — жаңбыр, қар және т.б..жаудыру үшін оларды шақыра алады» (пер. С.Л.Волин. Арабские и персидские источники. М.-Л. АН СССР 1939 г) дейтін құнды дерегін келтіреді. Енді осы тастың жаңбыр жаудыра алатын қандай күші бар екенін және оның қайдан пайда болғаны туралы қызықты мына бір дерекке көз жүгіртіп көрейік. 1419-1425 жылдары Әйгілі Ақсақ Темірдің тарихына арнап жазған Шараф ад-дин Әли Иездидің «Зафарнама» атты еңбегінің ішінде құнды мәліметтер бар. Сол мәліметті осында толық келтіргім келіп тұр. «Сосын, жер жүзін Нұхтың ұлдарынан және (олардан тараған) ұрпақтар жайлаған кезде, олардан (ұлдан тараған) әрбір ұрпақ пен әулеттің ортасында көркем заңдар мен әдемі қағидалар пайда болды. Және кұдыреті күшті Алла тағала олардың ділдеріне (көкейлеріне) аян беріп патшалық құрып, ел басқаруға қатысты ғұрып пен әдет қалыптасты. Сосын, Яфас Жуди тауының баурайынан шығысқа қарай жол тартты. Сонда ол әкесі Нұхтан оған қайырлы дұға жасауын, яғни, ол Алла тағаладан жаңбыр жаудыруды сұраса, жаңбыр жауатын болуын сұрады. Нұх (а.с.) (Алладан аян болған) «Исм Ағзамды» үйретті және ол «Есімді» тасқа қашап жазып, Яфасқа берді. Осы мұғжизадан Яфас қашан жаңбыр жаууын қаласа, (дереу) жаңбыр жауатын еді. Ендеше, ол (мұғжизалы) тас осы күндерде түріктердің ортасында (құпия сақталуда). Оны «Саң йада» (қол тас) және «Хажар ал-матар» (жаңбыр тас) деп атасады, ал түркшесі «Жада таш» (жаңбыр тас). Және оның (жаңбыр тастың) қиссасы (халық арасында) белгілі де кең танымал. Содан кейін Яфас Түрк ықлымында көшпенділік үрдісімен өмір сүрді. Және ол дұрыс «рүсүмдер» (шариғат жолын) және көркем әдет-ғұрыптарды қауымының арасында орнатты. Сосын, оның ұрпақтары көбейген кезде ол өзі өмір сүріп жатқан сол өңірлерде Хақтың (Алла тағаланың) рахмет құшағы-на көшіп, дүниеден өтті» (Түпнұсқадан аударып, түсініктеме жазғандар: Оразбай Зэріпбай Жұманұлы, Оразбаев Мухаммед-зафар Зәріпбайұлы. «Тарих-и жахангир» (Әлемді жеңіп алушының тарихы) (XV ғ.). Көп томдық. Нұр-Сұлтан: «Ғылым» баспа-сы, 2021. 9 бет).

Біздің мұндағы айтпақ ойымыз тек, жаңбыр жаудыратын тас туралы ғана емес, сол қасиетті тастың пайғамбарлардың атасы саналатын Нұқұлы Яфастан тараған түркі халқында қалғанында еді. Ал, өздерін пайғамбарлар ұрпағы санайтын араптар мен осы тасқа сенбейтін өзге халықтардың Түріктердің осындай кереметтеріне қарап, оларды жадылаушылар немесе сиқыршылар деп атап кеткендігі. Түркі руларының осы бір тылсым күштерді игере білгенінің арқасында араптар да, парсылар да, гректер де бұларды сондай көзқараспен қабылдады. Яғни, Мұғ атауымен аяғында Мұғ-маг-мог деп түрлене аталып келіп, «Маг-магия» — «Сиқыршылар» деген атаулармен әлемге танылып кетті. Және осындағы бір еске-ретін нәрсе, адам баласы тарап шыққан жалғыз Нұқ пайғамбардың ұлы Яфастан тараған түркі әулетінде ғана қалаған уақытында жаңбыр, қар, бұршақ жаудыра алатын қасиетті тастың сақталып қалуы әрі осыған қарап отырып, Түріктердің де Құдайдың сүйікті ұлдары болғанын аңғаруға болады. Тіптен, соңғы Ислам діні түскен араптардың өзіне де мұндай қасиет берілмепті.

Мұндай қасиет тек түркіде ғана бар. Ол мұғ аталатын тайпаның қолында қалған. Мұғ туралы өзінің өлеңдеріне арқау еткен ортағасырлық ғұлама, ақын Әлішер Науаидің ғазалдарынан бір шумағын келтірейін:
Мальчик-маг, когда пируют люди знанья в кабачке,
чашу первую ты должен поднести безумцу, мне.
Аудармасы:
Сиқыршы бала, білімдар адамдар тойханада тойлағанда,
Бірінші кесені, сен мына маған әкелуің керек.
(Алишер Навои. Сочинение в 10 томах. Издательство «Фан» Узбекской ССР. Ташкент 1968 г. 1-том. 11 бет)

Ал, енді осы жерде айтқым келген ойым, қазіргі тілде «маг» сөзі Геродоттың сөзімен орыстарға еніп, «Маг, магия – сиқырлау» деген сөзге айналып кеткен. Яғни, орысшаға аударсаң «Сиқырлау» деген мағынамен аударылады. Бұл қазіргі мағынасы деп түсініңіздер. Сонда сол кезде Түркінің ғұла-масы үшін бүл сөз сиқырлау деген мағына берді деп ойлайсыздар ма, әлде, Әлішер ақын оның мағынасын білмеді деп ойлайсыздар ма? Әлішер Науаи оның мағынасын бізден жақсы білді. Сонда өлең: «Сиқыршы бала емес, Бөрі бала, бөрі текті рухты бала» деген мағынада айтып, яғни, түркілердің рухын көтеріп тұрғанын сезуге болады. Ал, Әлішер Науаидің өзінің барлық өлеңдерін тек түркі тілінде, ана тілінде жырлаған ақын екенін ойға алсақ, онда ол түркі сөздерінің мәні мен мағынасын өте жақсы білген ортағасырлық түркіден шыққан ғұлама екеніне шек келтіре алмаймыз.

Міне, осылайша арап пен парсы әлеміне сиқырлау, жадылау өнерімен танылған түркі халқынан олардың есі кете қорықты. Оны көптеген ортағасырлық тарихшылар мен жиһангездердің пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у айтты дейтін түріктер туралы хадистерінен білуге болады. Ортағасырлық тарихшы Абу Осман ибн ал-Джахиз өзінің «Послание ал-фатху бин хакану о достоинствах тюрков и остального халифского войска» (пер. Ф.М.Асадова. Текст воспроизведен по изданию: Арабские источники о тюрках в раннее средневековье. Баку. 1993 г) атты еңбегінде түріктерді мақтай келе, олар туралы пайғамбарымыз Мұхаммедтің айтқан хадистері мен сол дәуірдегі атақты тұлғалардың аузынан шыққан асыл сөз-дерінен мысал келтіреді. Аталған еңбектен алынған хадис-сөздерді ретімен тізбектеп келтірсек: «Әл-Хумайдтың айтуы бойынша: Әлемде түріктердің әскерлерінің бірігуі мен жалпы қолбасшылық қасиеттерінің арқасында соғыстарымен зиян тигізбеген бір де бір халық жоқ» дей келе: «ал-Мамун былай дейді: Хумайдтан гөрі түркілерді ешкім әділ бағалай алмайды. Хумайд Хорасан мен Арабта екі жақпен де бір уақытта соғысты, оның сөздерінің дұрыстығына күмәндануға негіз жоқ». «Ал, Кутейба ибн Мүслим былай дейді: «Олардың Отанға деген сүйіспеншілігі түйенің туған жерлеріне деген сүйіспеншілігінен гөрі күшті» деп нақтылай түседі. Және пайғамбарымыз айтты деген бірнеше хадисті келтіреді: «Түріктерге, олар сізге қол тигізбейін-ше өзіңіз қол тигізбеңіз. Түріктер менің халқымның иеліктерін бірінші болып жаулап алады». «Олар біздің ата-бабаларымыз жайлаған жерге дейін жетеді». «Түріктер Ирак халқын өз елінен қуып шығарады». «Кішкентай көзді, жалпақ мұрынды, қызыл жүзді түркілер әлемді жаулап келмейінше қиямет қайым болмайды».

Сол кезде Сайд былай деді: «Түркілерді қуып жету мүмкін емес, олардан бай олжаны да тартып ала алмайсың. Егер сіз түрікті жараласаңыз, оның басын кесіп тастаңыз, өйткені олар өлімші болып жатса да саған қайта шабады».

Міне, Әл-Джахиздың түркілер туралы және олардың батырлығы мен қайтпас-қайсарлығы жөніндегі арабтардың айтқан тамаша сөздері мен пайғамбарымыздың хадистерінен келтірген еңбегі біз үшін қандай құнды дерек десеңші?! Тіптен, әлем халқы қорыққан түркілердің абырой-атағына ешкім дау айта алмайтынына көз жеткізіп отырмыз. Әл-джахиздың айтуы бойынша арабтар арасында мынадай да ұранды сөз бар екен: «Түріктер сіздермен тату болып тұрғанда, олармен тату болыңыздар. Бұл барлық арабтардың келісімі. Тек осындай қатынаспен ғана біз бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаймыз».

СПИТАМА-ЗАРАТУШТРА – МҰҒҰЛ (ТҮРКІ) ТАЙПАСЫНАН ШЫҚҚАН ТҮРКІЛІК ТҰҢҒЫШ
ПАЙҒАМБАР

Тарихта аты ұмытыла бастаған мұғ-маг тайпаларының мыңдаған жылдардан соң қайта жарқырап шығуы – әлем аренасында біз ойлағаннан да жоғары дәрежеге көтерілді. Шыңғысхан бастап сонау ескі замандардан қайта тірілтіп әкелген ұлыстардың ортақ атауына айналды. Осы күнге дейін көптеген тарихшылар мұғұлдар туралы зерттегенде тек, Шыңғысхан құрған империяны зерттеумен ғана шектелді. Ал, маг тайпаларын олардың арғы бабасы ретінде зерттеу және олардың түркі екенін дәлелдеу мәселесі көп ғалымның ойында болмапты. Әрине, бұл европалық тарихшылардың түркі халқын бөлшектеп, түркінің әр руын әр ұлтқа теліп жазған тарихының әсері болып, соның кесірінен бәріміз де сол тарихты со-лай екен деп сенгендігімізден де шығар?! Бірақ, ақиқат әрқашан ашылатыны рас қой. Ал енді осы мұғ тайпаларының тарихи желісі ретінде жалғасын тапқан ұзын-сонар тарихтың ішінде парсылық саналып жүрген Заратуштра пайғамбар туралы не білеміз? Оның да осы маг тайпасынан екенін, яғни, түбінің түркілік болғанын кейбір тарихшылар жазып жүр. Оны зерттемес бұрын маг тайпасының кімдер болғанын шамалы талдап алайық.

Тәжікстандық ғалымдар Саидмурод Бо-бомуллоев пен Насрулло Убайдуллоевтың «Таджики в исторических источниках и трудах исследователей» атты еңбегінде: «Геродоттың айтуы бойынша Мидия тайпаларының бірі магтар болған. Олар өздерінің рулық ұйымын сақтай отырып, Ахеменидтердің қол астында діни топ, әр түрлі салт-жоралар мен қарғыстар жасаған кәсіби діни қызметкерлер болды. Магтар-дың негізгі құрбандық жануарларының бірі жылқы болды» (Душанбе, 2018 ж, «Дониш» 21 бет) деп жазады. Осы бір Геродоттың жазбасынан аңғарсақ сол кезеңдерде Түркілерден басқа ешкім жылқыны құрбандыққа шалмайтыны және жылқы ғана түркілердің негізгі асы да малы да болғанын байқауға болады. Сонымен қатар, Мидия патшасының есімі де нағыз түркі есімі екенін (Қиақсар, Астиағ) аңғарамыз. Олардың сиқырлау, жадылау өнерінен және Мұғ деген сөзді Маг деп атаған сөзінен кейіннен орыстардағы маг, магия сөзі келіп шықты. Себебі, гректер сиқыр-шылықпен, дуа жасаумен айналысқан Мұғ тайпаларын өз тілдеріне ыңғайлап Магтар деп атап кеткен-ді. Осы Мұғ-Маг тайпалары Заратуштра бастаған діни жолды ұстана отырып, оны бүкіл парсы жеріне таратты. Ол жерден әлемнің барлық жеріне тарады. Әбу Райхан әл-Бируни өзінің «Индия» атты еңбегінде: «Ежелгі уақытта Хорасан, Фарс, Ирак, Мосул және Сирия шекарасына дей-ін будда дінін ұстанған. Кейін Заратуштра Әзірбайжаннан шыққан соң оның ілімі Парсы патшасы Гуштаспаға ұнады. Оның ұлы Исфандийад бұл ілімді Шығыс пен батыс елдерінде күшпен және бейбіт жолмен тарата бастады. Ол Қытайдан Ар-Рум шекарасына дейін от храмдарын тұрғызды. Оны Таратушылар магтар (мұғтар) деп аталды» дейді. (Москва «Ладомир» 1995 ж. 66 бет). Бирунидің айтуы бойынша Зара-туштра Ескендір Зұлқарнайыннан 258 жыл бұрын өмір сүрген екен. Сонда шамамен б.д.д 600 жылдарға келеді. Бұл кезең Мекемтас ағамыз айтқандай Афрасиабтың заманы еді. Сол тұста мұғ тайпасының ақсүйек тобынан шыққан Заратуштра өз дінін дүниеге әкеліп, тарата бастайды. Аталған деректерге қарап отырып, Заратуштра көне түркі халықтарының тұңғыш пайғамбары екеніне және мұғ атауының да ежелгі түркі тайпаларының атауы болғанына көз жеткіземіз.

Және де Парсылардың қасиетті кітабы саналған «Авеста» да парсылардікі емес, маг тайпасынан шыққан Спитама-Заратуштра жазғанын екінің бірі біле ме екен? Бұл туралы ортағасырлық ғалым Әбу Райхан әл-Бируни өзінің «Памятники минувщих поколений» атты еңбегінде былай дейді: «Заратуштра Сефид-тұманның ұлы, Азербайжандық. Ол патша Менучихрдің ұрпақтарынан шыққан және магтардың асыл отбасыларының мүшелеріне, олардың ақсүйектер тобына жататын. Заратуштра өзімен бірге Авеста деп аталатын кітапты алып келді. Ол барлық басқа халықтардың тілдерінен өзгеше тілде жазылған және ерекше түрде құрылған…..» (Перевод М.А.Салье. Ташкент-1957 ж. Академии Наук Узбекской ССР. 205 бет.). Міне, Заратуштра пайғамбардың Маг тайпасынан екендігі және ақсүйектер тобына жататыны нақты айтылған. Және әкесі Сефид-тұманның есімі де түрікше екені, сонымен қатар, оның ақсүйектік Тұман деген лауазымы да түркілердің Тархан секілді атақтарының бірі болғанын бәріміз білеміз.

Осы жерде Хамза Көктәнді ағамыздың Шыңғысхан туралы жазған ғылыми-зерттеу кітабынан қызықты деректі ұсынғым келіп тұр. Ол кісі өзінің 1-кітабы, Алматы «Қасиет» баспасынан 2020 жылы шыққан «Алтын төркін» деп аталатын еңбегінің 252 бетінде: «Көптеген ықтимал қисынды ойларды салыстырып қарағанда Афрасиаб есімі, оның даңқы Шыңғысханға өте танымал болған. Бірақ, Шыңғысхан Афрасиаб жатқан жерге қарағанда Заратуштра пайғамбар жерленген жерді, ежелгі арилықтардың киелі мекенін асқан құштарлықпен, табандылықпен іздеген. Ең соңында Спитама-Заратуштра пайғамбар осы жерде жерленген деген жобамен қазіргі Зеңгі баба тұрған жерге алғаш рет белгі тұрғызған» деп, мұғұлдардан шыққан Заратуштра пайғамбарды Шыңғысхан өзінің арғы бабасы ретінде қатты іздегенін жазады. Және де Заратуштра пайғамбардың дінін ұстайтын мұғұлдар туралы осы еңбектің 253 бетінде: «Зороастризм дінінің бір тармағын ұстанатын монғолдар өте қасиетті мекен ретінде Заратуштра қабірін асқан құштар махаббатпен іздеді» деп тұжырым жасайды. Ал, ғалым, археолог Уахит Шалекенов ағамыз өзінің «Орталық Азиядағы Ариилердің өркениеті» деген еңбегінде: «Қазіргі ға-лымдардың көпшілігі «Авестаны» б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бірінші жартысында Орталық Азияда не Солтүстік-батыс Ауғанстан мен Солтүстік-шығыс Иранға көрші аймақтардың бірінде пайда болды деп есептеп келген. Қазіргі археологтар бұл пікірді анықтап, ариилықтардың өмірін сәулелендіретін «Авеста» Орталық Азияда, нақтырақ Хорезм жерінде жазылған деген пікірді С.П.Толстов өткен ғасырдың 40 жылдарында жазған болатын. Ғұламаның осы пікірін қуаттайтын археологиялық жәдігерлер кең көлемде Қазақстаннан табылып жатыр. Осы деректерге қарағанда, ариилердің пайда болған орталығы Алдыңғы Азия емес, Орталық Азия» (Алматы «Қазақ университеті» 2011. 7 бет) деген ойында да Авестаның Орталық Азияда жазылғанын және археологиялық деректер де соны дәлелдегенін айтады. Және тағы да осы кітаптың 9 бетінде: «Парсылардан шыққан ғұламалар түрік тілін жақсы білсе, түрік ғұламалары да сондай парсыша жазған, сөйлеген. Сондықтан, бізге жеткен «Авеста» кітабы ертедегі түркі тілінен парсы тіліне көшірілген болуы да мүмкін» дейді. Біз мұны не үшін айтып отырмыз, ондағы ойымыз осы «Авеста» кітабын жазған мұғ тайпалары, солардың ақсүйек тобынан шыққан Спитама-Заратуштра еді. Тағы да осы еңбектің 21-22 беттерінде: «Бірақ бәрінен қызығы Герцфельдтың пікірі, ол Эранвез бен Тұран – бір мемлекет, Түркістанда жайласқан, бұл жерде Иранға көшіп кетуден бұрын миди-ялықтар мен парсылар өмір сүрген. Бұл ежелгі замандарда жер жанаты болып, кейіннен ауа райы өзгерген және табиғаттың 22 осы құбылысы елдердің ұлы қоныс аударуына, көшіп кетуіне себеп болған. Эранвез солайша ариилер мемлекетінен Тұран мемлекетіне айналған деген дәйектеме ұсынады. Шындығында Авестада Тұран атауы кездеседі. Сонымен бірге ариилықтар осы өңірден өздерімен төтем-тәңірлерді Европаға алып келіп, кейіннен грек мифологиясының тұтас дастандарын тудырады…» дейді. Мұндағы Эранвез деп отырған мекен Авеста кітабында айтылатын халықтардың отаны. Герцфельд ол мекенді Тұран жері, яғни, қазіргі Түркістан аймағы деп дәлелдеп жазған. Міне, мұғ тайпаларының да арииліктермен және мидиялықтармен бірге Түркістаннан Персияға көшіп кеткенінің айғағы.

Мысалыға, әлі күнге дейін қазақтар арасында жадылау, сиқырлау, жаңбыр жудыру, тасаттық жасау, отпен аластау, отқа май құю деген сияқты көптеген салт-дәстүрлердің барлығы да сонау ерте замандағы Спитама-Заратуштра пайғамбар дәуірінен жалғасып келе жатқан діни ғұрыптар болатын. Зороастризм дінінің біздің түркі халықтарының да негізгі діні болғанын білеміз. Себебі, Заратуштра пайғамбар өзінің «Авеста» діни кітабында өмірдегі жаман-жақсының барлығы да тек бір Тәңірдің қалауымен болатынын, соған жалбарыну керек екенін айтады. Сонымен қатар, сол діни кітапта да құдайға жалбарыну барысында «Аши» атты қасқырдың әрқашан көмектесетінін, мұны қолдап отыратынын, өзінің құдай тарапынан берілген нығметтері мен қасиеттерін бір Тәңірдің (Ахура Мазда) қалауымен істеп жүргенін айта келе, осы жолда бөрінің де оған байланыс орната шығатынын айтады. Бұдан не аңғаруға болады? Әрине, аңыз деп те қарауға болар, бірақ, түркілердің атам заманнан өзінің тек түбірін Бөрі емізіп өсірген баладан бастайтынын қалай ұмыта аламыз? Кез-келген түркі аңыздарының барлығында да осы бөрі жүреді. Атақты Оғыз қаған да жауға шабарда түсіне бөрі кіріп, алдында жол бастайтынын айтпаушы ма еді? Мұның бәрі жайдан-жай ұйқастық бола қоймас?! Тіптен, Парсылардың біздің бабаларымызды «Сақтар» деп атағаны, ал оның мағынасы «бөрілер, иттер» деген мағына береді деп Салғара Қойшығара ағамыздың жазғаны да бар. Әлем халықтарының ішінде дәл Түркілер сияқты бөріні қатты құрметтейтін ел жоқ. Бұл дегеніңіз – өзінің түп төркінін қасқырдан шығаратын түркі елінің қай жерді жауласа да сол жерлерге өздерінің осындай қызық аңыздарын тастап кетуінен туындаған жағдай еді. Міне, Заратуштра пайғамбар да осылайша өзінің құдай жолындағы жаман-жақсылы істерінің даму барысында «Аши» атты бөрімен сөйлесіп, байланыста жүретінін келтіреді. Бұл да оның тегі бөріден шыққанын білдіретін бір құбылыс деп ойлаймын. Және де ол атап отырған бөрінің аты да «Аши» деп аталады. Бұл сонау әлемді жаулаған Түркі қағанаты-ның негізі болып саналатын Ашина қасқырмен ұқсастығы, сосын осы түркі дәуірінен мың жыл бұрын өмір сүрген «Аши» бөрінің мың жылдан соң Түркінің Ашинасына айналып шыға келуі де қисынды қызық жайттар емес пе?

Аңыз – ақиқаттан туады. Бірақ, уақыт өте келе оның да ескіретіні, ұмытыла бастайтыны тағы бар, бірақ та, халық өз тегінің мыңдаған жылдар өтсе де негізгі мазмұны мен шыққан түп атасын ұмытпақ емес, себебі, түркі халқында баладан-балаға ата-тегін шежіре-аңыз етіп айтып отыру дәстүрі мықты қалыптасқан. Осының арқасында біз өз тегімізді ұмыта алмаймыз. Халықтың шын мәніндегі нағыз жоғалып кетпеу теті-гінің түп тамыры осы болса керек.
Мық, Маг, Мұғ — Библиядағы Гог пен Магог, Құрандағы Яджудж бен Маджудж халықтарының түркілік атауы

Ендігі сөз бұл «Мұғ» тайпалары туралы Еврейлердің Библиясы мен арабтардың Құранында да айтылатын атауларға байланысты болмақ. Библияда олар Магог және гог деп, ал, құран тілінде Яджудж және Мажудж халқы деп аталады. Йаджудж бен Маджудж — Гог пен Магогтың библиялық атаулары, яғни, екеуі бір халықтың атауы деп түсініңіздер.

Аталып отырған мифтік тайпа саналатын елдердің негізгі мекендейтін жерлері Азия мен оның солтүстік бөліктері болып саналады. Яғни, олардың мекендері орталық, солтүстік Қазақстан, Алтай, Монғолия жерлері екенін көп тарихшылар айтып кеткен. Соның бірі 13 ғасырда өмір сүрген Сириялық тарихшы Шамс ад-дин ас-Су-фи ад-Димашки еді. Ол өзінің ««Нухбат ад-дахр фи ‘аджа’иб ал-барр ва-л-бахр» («Выборка времени о диковинках суши и моря»)» атты кітабында әлемнің жеті климатқа бөлінетінін жаза отырып, ондағы халықтардың тұратын мекендерін жазады. Сол еңбекте: «Шығыстың алыс шектерінен Батыстың алыс шектеріне дейінгі жер ұзындығының ұзындығы шамамен үш жүз өткелді құрайды. Оның енінің ұзындығы, солтүстік жағындағы елді мекендерден яғни, бұл Магог пен Гогтың мекендейтін жерлері, сол жерлерден оңтүстік жағындағы елді мекендерге дейін және одан ары қарай Қаралар (Африка) тіршілік ететін ортаға дейін — екі жүз жиырма өткел» (пер. В.В.Матвеева. Текст воспроизведен по из-данию: Древние и средневековые источники по этнографии и истории Африки южнее Сахары. Т. 4. Арабские источники XIII-XIV вв. Восточная литература. 2002) деп, Маг тайпаларының территориялық жерлерін нақтылай түседі. Және ол халықтардың Түркі халықтары екенін білдіре отырып. оларды: «Нұхтың баласы Яфеттің ұлдары мен балалары болып саналатын олар – Түркілер, Магог пен Гогтар және славяндар» деп шежірелеп таратады. Яғни, діни кітап-тарда бұларды мифтік тайпаларға санайды. Бірақ, құранда айтылғандай Зұлқарнайын осы маг тайпаларымен соғысып, өз елін олардан қорғау үшін екі елдің арасына үл-кен бекініс-қорған салады. Зұлқарнайынның бетін қайтарған тайпа да осы магтар еді. Ал, мұның дәлелі ретінде Грек жазбаларында, парсы жазбаларында Зұлқарнайынның жаулап ала алмаған елі Сақтар дейді. Сонда Сақ та, Маг та бір тайпа болып, тарихшылардың айтып отырған елі түркілер болып тұр ғой?! Өйткені, Македонскиидің туын құлатып, сағын сындырған Сақтардан басқа ешкім емес еді. Бұл бекініс-қорған әлі күнге дейін тарихта «Темір қақпа» деп аталады және Тәжікстанның таулы қыраттарында орналасқан. Сонымен қатар, осы қорғанның салынумен парсы-арабтар мен түркілердің шекарасы мәңгілік белгіленгендей болды. Түркі қағанаты кезінде бабаларымыздың «Темір қақпаға» дейін жауладық деп жүргені осы қорған болатын. Бұл Темір қақпа туралы 630 жылдары Қытайдан шығып, Үндістанға сапар шеккен қытай монахы Сюань Цзян өзінің жазбаларында көзімен көрген осы қақпаны жазып кеткен екен. Ол өзінің «Күнделіктер» деген еңбегінде: «Темiр қақпаның екi жағы бiрдей құлама беткейлi биiк тау, тау аңғарында кiшiгiрiм соқпақтар болғанымен, бiрақ онымен жол жүру қиын да қатерлi. Тар соқпақтардың екi жағы құлама жартастар, олар темiр түстес болып келедi. Тау сағасына үлкен қақпа орнатылып, ол темiрмен бекемделген. Үлкен қақпаның басына көптеген темiр қоңыраулар iлiнген, қақпа еңселi әрi бекем болғандықтан Темiр қақпа деп аталып кеткен» («Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері» 1-том. С.Сұңғатай, Б.Еженханұлы. Алматы «Дайк-Пресс» бас-пасы, 2005 жыл) дейді. Міне, Қосмүйізді Зұлқарнайынның салдырған Темір қақпасы!

Ал, Зу-л-Карнайи (Қос Мүйізді) — Александр Македонский, Шығыста осы лақап атымен белгілі болған тұлға. Ол б.д.д 300 жылдары бүкіл Азия елін жаулап, тек, түркілерден ғана жеңілген болатын. Бұл туралы ортағасырлық арап тарихшысы Ибн Әл-Факих өзінің «Китаб ахбар ал-булдан» атты еңбегінде былай дейді: «Зу-л-Карнай-нның өзі жеңе алмаған халық туралы не айтасыз, өйткені, оның өзі «оларға қол тигізбеңіз» деген артында сөз қалдырған және Ескендір от пен қылышпен, күшпен және мәжбүрлеумен барлық жерлерді жаулап алғаннан кейін барып, олар «түріктер» деген атқа ие болды» (пер. С.Л.Волин. Арабские и персидские источники. М.-Л. АН СССР 1939 г). Міне, көріп отырғандарыңыздай Ескендірдің өзі жеңе алмаған түркілерге (Сақтар) «тиіспеңіздер» деген өсиет қалдырған. Сол дәуірдегі бүкіл Азияның қорқынышты құбыжығына айналған Түркілерден (Сақтар) барлық ел қорқатынды. Араптардың өзі түріктерден Библия мен Құранда айтылып, аңызға айналған тайпалар ретінде жүрекұшыра сескенетін. Олардың санасында Йаджудж және Маджудж (Гог және Магог) халқы – ақырет уақыты келген сәтте дінге сенбейтіндерді талқандап, қиратып, әлемді жаулап алушы халық ретінде суреттеледі. Яғни, құдайдың сенімсіздірге жіберетін әскері ретінде келеді. Мысалыға, орта ғасырдағы араб жазушысы Абу Усман Амир ибн ал-Джахиз өзінің «Послание ал-фатху бин хакану о достоинствах тюрков и остального халифского войска» атты еңбегінде: «Түркілермен татулықта бол, олар сізбен татулықта тұрғанда. Тек осындай пікірмен біз бейбітшілік пен тыныштықты сақтаймыз» деген хабары барлық арабтарға аян болған ұран іспеттес еді» деп жазған екен. Араптардың ойында Иаджудж бен Маджудж тайпалары — Құранда айтылған мифтік тайпалар. Ал, олардың аңызы бойынша, ол тайпалар қиямет күні қарсаңында дінге сенбегені үшін халықтарды жазалап, әлемді жаулап алуы керек. Бұл туралы Құранның 21-ші Әнбия сүресінің 95-96 аяттарында да айтылған. Ерте мұсылмандар, бұл дәстүрлерді түріктермен байланыстыра отырып, олардан Құранда айтылғандай Амударияның қай жағынан шапқыншылықпен шыға келетінін қорқынышпен тағатсыздана күтті. Бұл туралы тағы да ал-Джахиз өзінің «Послание ал-фатху бин хакану о достоинствах тюрков и остального халифского войска» атты еңбегінде: «Біз көппіз, жақсы жабдықталдық және дайындалдық. Йаджудж және Мажудж тайпалары қаншалықты көп болса да, өзеннен (Амудариядан) шыққан кезде біз олардан де көп болып, күтіп аламыз. Біздің әскеріміздің күші мен қолымыздың беріктігіне келетін болсақ, тозақтан кейінгі Самуда, Амалик және Кананит сияқты, сіз одан да күштіні таба алмайсыз» (пер. Ф.М.Асадова. Текст воспроизведен по изданию: Арабские источники о тюрках в раннее срденевековье. Баку. 1993) деумен олардың өздерін-өздері осылайша жұбатумен жүргенін керемет жеткізеді. Тіптен, сол кезеңдегі барлық түркі халықтарын араптар Ал-Маджус деп, кейде Магтар, Мугтар деп те атаған. 10 ғасырда өмір сүрген, тегі араптық Абу-л-Хасан ‘Али ибн ал-Хусейн ал-Мас’уди сол дәуірдегі Франция елінің тарихын жазған «Китаб мурудж аз-захаб» еңбегінде де қызықты деректерді келтіреді. Франкияның Ұлы Карл патшасынан бастап тақ мұрагерлерін жазған сол еңбегінде Ұлы Карлдың ұрпағы Лудариктың 6 жыл тақта отырғанын жазып, оның мұрагері Нуса (Буса) таққа отырғандағы мына бір қызықты деректі баяндайды. «Лударик 6 жыл басқарды. Содан кейін оны Нуса деген бас Әль-Ифранжи алмастыра бастады. Ол әл-Ифранжға (Франкия) ие болды және оның тағында 8 жыл патшалықта отырды. Бұл патша әл-Маджус елімен бейбітшілік орнатты. Сондықтан олар оның жеріне басып кірмеді. Оның еліне 7 жыл бойы 600 рат алтын және 600 рат күміс алым төледі. Бұл соманы әл-Ифранжи билеушісі оларға (Әл-Маджудждерге) төледі» (пер. В.Г.Крюкова. Текст воспроизведен по изданию: Сведения ал-Мас’уди о народе ал-Ифранджа // Письменные памятники Востока. 1978-1979. М.Наука. 1987) деп, олардың әлемді өз қолдарына ұстап тұрғанын жазады. Мұндағы Нуса патша деп отырғанымыз Франктердің 888 жылы тағына отырған патшасы. Ал, бұл дәуір – Еуропада атақты Бұлғар патшалығының билік жүргізіп тұрған тұсы болатын. Яғни, Ал-Масудидің Маджудж деп айтып отырған елі еуропаны билеген және сол кездегі өздеріне жақын Бұлғар (Түркі) тайпаларын айтып отырғаны деп түсініңіз. Сонымен қатар, Әл-Мад-жус деп IX-X ғасырлардағы араб жазушылары арасында жиі кездесетін «магтар», «отқа табынушыларды» атағанын ескерсек, онда бұлардың Мұғ тайпалары екеніне еш күмән жоқ.

Ал, осы Яджудж бен Маджудж халықтарының ешқандай да мифтік елдер емес екенін және олардың түркі халықтарының бір бұтағы екенін ортағасырлық ғұлама, ғалым Әбу Райхан әл-Бируни де өзінің «Памятники минувщих поколений» атты еңбегінің 54 бетінде тағы да нақты дәлелдей түсетініне куә боламыз: «Елдер мен қалалардың тарихы жазылған «Джаграфия» және «Жолдар мен елдер» кітабы атты еңбектерде, бұл халықтардың яғни, Яджудж бен Маджудждардың Шығыс түркілердің бір бөлігі екендігі айтылады және олардың бесінші, алтыншы климаттың басында өмір сүретіндігі жазылған» (Перевод М.А. Салье. Ташкент-1957 ж. 54 бет. Академии Наук Узбекской ССР). Ал, бесінші климатымыз қазіргі Самарқанд қаласы бастаған Орта Азия аумағы мен алтыншы климатымыз Қазақтың кең байтақ даласы екені белгілі дүние. Ал, ортағасырлық тарихшы Абд ар-Рашид ал-Бакуви өзінің «китаб талхис ал-асар ваджайб ал-малик ал-каххар» атты еңбегінде: «Иаджудж және Mаджаудж халықтары — Нухтың Ұлы Иафаттың ұрпақтарынан шыққан екі үлкен түрік тайпасы» (пер. З.М.Буниятова, Москва. 1971) деп нақтылайды. Тағы да бір ортағасырлық араб тарихшысы Ибн Хордадбек-тің «Книга путей и стран» атты еңбегінде: Жоғарғы Нушаджаннан тоғызоғыздардың Хакан отыратын астанасына дейін, құнарлы жерлері бар үлкен ауылдар арқылы үш айлық жол. Олардың тұрғындары — түріктер. Олардың арасында отқа табынатын Маг тайпалары (әл-маджус) және дінсіздер (занадик) бар)» (Баку «Элм» баспасы, 1986 г. Перевод с арабского, комментарии, иследование, указатели и карты Наили Велихановой. 65-66 беттер) деген дерегіне қарасақ та түріктер арасында осы «мұғ» атауымен аталатын рулардың бар екендігін, әлі де осы атаумен аталып жүргенін байқаймыз және оларды арабтардың Әл-Маджус – Маджудж деп құранда аталған атаумен атайтынын жазады да, осы сөз арқылы олар біздерді Мажусилер деп атап кетті.

Ертедегі араб тарихшылары мен жиһангездері тіпті арабтардың санасында мәңгілік пайда болған нақты түріктердің мифтік Маг пен Гог тайпаларына байланысын қисынды түрде өздеріне өмірдегі қорқынышты да құбыжық түріндегі аңыз-әңгімелерімен негіздеуге тырысты. Ортағасырлық араб-парсылық дереккөздерде «Йаджудж және Маджудж жиырма екі тайпадан тұрады, олардың ішінде зу-л-Карнайн тұрғызған қабырғаның арғы жағында түріктер ғана қалды», — делінген аңыздық деректер сақталған. Бұл аңыздың мағынасын түсіну үшін Құранда Александр Македонскийдің (Қосмүйізді Ескендір) Маг пен Гог тайпаларын әлемнің бір шетіне қарай айдап, өркениетті халықтарды олардан қорғайтын қабырға салғаны туралы әңгіме бар екенін атап өткіміз келеді. Осындай аңыздарға қарап отырып, Батыс Азиядағы барша халықтардың яғни, араб, еврей, парсы, ирак, палестиналықтардың өздері қорыққан Мұғ пен түркі тайпаларына деген үрейлерін тарихи аңыз-жыр етіп, құдайдан түскен қасиетті кітаптарға да енгізгенін байқауға болады. Олар үшін бұл тайпалардың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық-саяси дамуы, әскери күш-қуаты және тарихи географиялық мекендері қатты қызықтырса керек. Қандай жағдай болмасын барлық пайғамбарлар айтып кеткен «Мұғ (Маг) пен гог тайпалары әлемді жаулап алмайынша жер бетінде қиямет-қайым болмайды» деген сөздері олардың санасы мен жүректерінде мәңгілік қорқыныш болып қалып кеткенді. Сол себепті болар, түркілерден шыққан Гог және Маг(Мұғ) тайпалары туралы және олардың үстемдігі жөнінде білгісі келген Әл-Васик халифтың Таржумман атты өзінің қолбасшысын аңызға айналған қабырға мен Мұғтардың елі туралы біліп келу үшін арнайы тыңшылық экспедициямен Түркі еліне жібергені. Бірақ, бұл экспедицияның әлі күнге дейін зерттеулерімен және маңыздылығымен танысуға еш мүмкіндік жоқ. Әлде, ол құпия күйінде сақтаулы жатқан да болар. Алайда, жоғарыда аталған арабтардың түріктер туралы идеяларын және халифа Әл-Васиктің билігі кезінде жинақталған араб-түркі қатынастарының фактілерін ескеретін болсақ, онда бұл құжаттардың біз үшін қандай маңызды екеніне көз жеткізер едік. Сонымен қатар, жоғарыда айтқанымыздай Иаджудж бен Маджудж (Мұғ пен Гог) тайпаларының 22 атадан құралатындығы жөнінде айтылады. Ал, біздің түркі халықтарындағы 22 тайпадан құралатын Оғыз тайпасының бар екенін білеміз және ортағасырлық деректерге көз жүгірте отырып, Оғыз ханның өмір сүрген кезеңі біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдықтар екенін байқаймыз. Мұнда мен Оғыз ханды не үшін айтып отырмын, себебі, Оғыз ханда Мұғұл-дың ұрпағы, яғни Мұғ тайпасының адамы емес пе еді? Әлемді жаулаған Шыңғысхан да, Әмір Темір де өздерінің түп шежіресін Мұғұл-Қарахан-Оғыз хан деп таратады және түркінің көптеген рулары да өз тегін Оғыздан бастайтыны тегіннен-тегін емес. Ортағасырлық түркінің ұлы ғұламасы, түркі сөздерінің энциклопедиясын жасаған Махмұт Қашқари «Түркі сөздігі» атты ең-бегінде: «Оғұз – оғыз. Түрік тайпаларының бірі. Оғыздар — түркмендер. Олар жиырма екі ұрық, әрбірінің айырым-белгілері мен малға басатын таңбалары бар. Руларды, бір-бірінің малын сол таңбаларға қарап таниды» (Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ит-Түрік». Аударған: А.Егеубай. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006 ж. 1-том, 85 бет) деп сипаттама береді. Яғни, түркілер арасында жиырма екі руға бөлінетін тайпа – оғыздар екенін айтады. Және бұл барлық Шыңғысхан шежіресінде де нақтыланған. Яғни, кез-келген хандар шежіресін алсаңыз да олардың түп-тегі Мұғұл (түркі) мен Оғызға барып тірелетіндігі айтылып отырады.

Міне, Яджудж-Маджудж деп аталған мұғ тайпаларының түркілер екендігіне бұдан артық қандай дәлел керек?! Арабтар бұларды отқа табынушылар дейді. Иә, біздің бабаларымыз от пен күнге табынғанын ешкім жоққа шығара алмайды, ол тарихи шындық қой. Әлі күнге дейін жаңадан келін түскен-де отқа май құйып, жас келінді аластататынымыз сол бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің жұрнақтары еді.

МҰҒ, МЫҚ, МАГ – АЛЫП БӨРІ
Маугли — мұғұл (түркі) халқының тарихи аңызы Мықтың үйі, мықтың қорғандары

Хош, сонымен Мұғұл (түркі) сөзінің мән-мағынасын ашуға және оның не мақсатпен халықтардың ортақ аты болғанына назар аударып көрейік. Бізге ең алғаш керегі осы сөздің түбірі болған түп негізінің тамырына көз жүгіртейік. Ең алғаш «Мұғ» деген атауды Орта Азияға ислам дінін тарата келген араб басқыншылары осындағы түркілік тайпаларға қолданған. Олар Қазақстанның оңтүстігі мен қазіргі Өзбекстан, Түркменстан, Хорезм және барлық Мауереннаһр өлкесіндегі халықтарды «Мұғтар» деп атаған. Арабтар алғаш Орта Азияны жаулап келген уақытта Мұғтардың жанкешті қарсылығына тап болып, олардан сан мәрте жеңіліп, сан мәрте қайта шауып, ірі қақтығыстарға барған болатын. Міне, мұғ деген халық осылайша арабтарға ең бірінші рет қатты қарсылық көрсеткен ел ретінде олардың жүрегін ұшырғанды. Ортағасырлық ғұлама Ахмет Ясауидің інісі Сайф ад-Дин Орын Қойлақидың Қожалар мен Қарахандар шежіресін жазған «Насабнама» атты еңбегінде де Абд әл-Карім мен Ысқақ бабтың Тараз, Отырар, Ташкент өңірінің түркілерін жаулап келген кезіндегі соғыстары айтылады. Осы ортағасырлық қожалар шежіресі саналатын «Насабнама» кітабының бірнеше нұсқасын жинап, оны аударып шыққан мына еңбекте де (Исламизация и сакральные родословные в центральной азии: Наследие Исхак баба в нарративной и генеалогической традициях. Алматы-Берн-Ташкент-Блумингтон. Дайк-Пресс 2008. Составители: Аширбек Муминов, Анке фон Кюгельген, Девин Ди Уис, Михаэль Кемпер) мұғтар туралы біраз мәліметтер бар. Аталған «Насабнама» нұсқаларындағы шежіреде: «Шах абд ар-Рахман баб 12 мың сахабаны бастап, Өзгенд пен Ферғана қалаларына қарай бет алды. Ол мұғтар мен тарсалармен қақтығысып, Өзгенд пен Ферғананы, Касан мен Ошты жаулап алды» (104 бет) деп, бұл өңірдің тұрғындары Мұғтар екенін тайба таңба басқандай жазады. Тіптен, олардың арасында қырғын соғыстың болғанын және олар оңайшылықпен берілмей шайқасқанын нақтылайды. «Өзгенд пен Ферғана елінде екі Мұғ Падишахы болған. Біреуінің аты — Карван бас, ал екіншісі — Ихшит Кафир. Олар мұғтармен соғысып, мұғтың екі падишахын да өлтірді. 40 мың мұғ пен 20 мың мұсылман қайтыс болды» (106 бет). Осындағы Мұғ-Тарсалар деп отырғаны – Тәңір дінін ұстанатын Зароостризм дінінің адамдары. Кезінде Тараз қаласы да Тарса қаласы аталған. Өйткені, Тәңірліктер деген атау алғанды. Қазіргі археологиялық зерттеулер де Тараз қаласында ислам келгенге дейінгі ерте заманда зароостризм, манихейлік, несториандық діндердің болғанын дәлелдеп отыр. Бұл діндердің ішіндегі ең ежелгісі Зароостризм діні, яғни, мұғ тайпасынан шыққан Заратуштра пайғамбардың діні. Сосын ол діннің жалғасы ретінде манихейлік дін келді, сосын барып Иса пайғамбар ұстанған несториандық дін келді. Қарап отырсаңыздар мұғ тайпалары осы бір Заратуштра ұстаған діннің шегіндегі діндердің барлығын да Тараз қаласында тоғыстырып, осында өздерінің өркениеттерін жайды.

Жоғарыдағы аталған еңбекте де осы жаулаушылықта дін таратушылар түркілік Мұғтар, Мұғ-Тарсалармен соғысты деп атап тұрып жазады. Яғни, сол кезеңде де Мұғ елінің болғаны, бірақ, олар әлемге жайылып кеткен Түркі деген атаудың ішіне сіңе отырып, мұғ атауларының ұмытыла бастаған кезеңі еді. Ислам дінін насихаттаушылар үшін Мұғтар деген кәпірлерге саналды. Бірақ, осы уақытқа дейін бір де бір тарихшы «Неге ислам дінін таратушылар, бұларды мұғ деп атады? Ол не мағына береді, халықтың атауы ма, әлде, арабша атау ма?» деген сияқты сұрақтарға жауап іздеуді ойламапты, өкінішті! Әйтпесе, олар тегіннен-тегін мұғ деп атаушы ма еді?!

Сонымен, «Мұғ» деген тайпаның бар екенін, олардың ежелден жасап келе жатқанын біршама айттық. Енді, «Мұғ» сөзінің мағынасы қандай болғанына ой жүгіртіп, тағы басқа да деректерді алға тартайық. ІХ ғасырдың аяқ жағында Қазақ жері мен Орталық Азияны жаулап алған орыс империясымен бірге батыстың ғалымдары да біздің өңірге аяқ басып, олар үшін қызық болған көптеген деректерді зерттеп, біздің тарихи дүниелерімізді біршама жинақтады. Сол дәуірдің ұлы ойшылдары Бичурин, Бартольд, Каллаур, Панков, Диваев, Жетпісбаев секілді әуесқой зерттеушілері өздерінің жинақтаған ғылыми деректерін «Түркістан археология әуесқойлар үйірмесі» атты кружок құрып, сонда үнемі жариялап отырды. Олардың жинаған дүниелеріне қарап отырсақ қазіргі Өзбекстан мен Тәжікстан жерінде осы «мұғ» атауына байланысты көптеген деректер айтылады. Шынында да Тәжікстандағы «Мұғ» тауы, Өзбекстандағы «Мұғ-кепе», «Мұғкент», «Мұғ қорған», Қа-зақстандағы «Мұғалжар» тауы деп аталатын жер-су атаулары тегіннен айтылмаса керекті. Сол Түркістан әуесқойлар үйірмесінің мүшесі Жетпісбаевтың 1900 жылы Ташкент қаласында жариялаған «Слово «Муг», курганы и каменная баба» атты мақаласына көз жүгіртейік: «1899 жылы 9 қарашада өткен археология әуесқойлары Түркістан үйірмесі мүшелерінің жалпы жиналысы отырысының № 4 хаттамасында үйірме мүшесі Г.Брянов өзінің «Ферғана облысындағы ежелгі Касан қаласының іздері туралы» мақаласында «Муг-Курган» бекінісінің қирандыларын еске алады. Оның айтуынша, Касанның солтүстік жағында бір-екі миль қашықтықта, Алабұқа ауылына барар жолда, Касанның үстінен едәуір көтерілген төбелі жерде «Мұғ» Қорған» шағын бекінісінің қирандылары айқын көрінеді екен. Ол туралы «Мұғ» атауынан басқа, жақын ауылдарда ешқандай аңыз сақталмаған, тіпті, ол ауылдарда «Муг» сөзінің не екенін білмейді, ұмытып кеткен. «Бұл кез-келген халықты, болмаса бір адамды немесе жеке бір затты білдіретін атау ма?» деген ой туғызады. Сонымен қатар, Г.Брянов 1898 жылғы Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің хаттамаларына енгізілген Г.Граменицкий мен Г.Андреевтің мақаласына сілтеме жасайды. Онда да «Муг» сөздері айтылған. Былайша айтқанда Түркістан жерлерінде бір кезеңдерде «Муг» деп аталатын адамдар осында өмір сүргендей. Содан кейін, көне қала «Касане» туралы мәліметтерде №4 хаттамада, мұсылман транскрипциясында, түркі тілінде және «Азряти-Ша-Джарир» кітабынан алынған тұтқындар туралы әңгіме болады. Алдымен араб тілінде жазылған, содан кейін парсы тіліне аударылған және соңында түркі тіліне аударылған сол деректерде тағы да бірнеше жерде «Мұғ» сөзі айтылады. Бірақ мұнда Мұғ туралы 1700 адамнан тұратын Ша-Джерирдің ұлы Мұхаммедтің басшылығымен, хижраның 34-ші жылы Медина қаласынан халифа Осман жаулап алған халық ретінде айтылады. Бұл Экспедиция «Мұғ — Карван-Бест» (бұл халықтың бір түрі болса керек) шайқасында «Музге» деген жерде жеңіліске ұшырап, жауынгерлерінің көп бөлігін мәйіттермен тастап, Мединаға оралады. Содан кейін Халифа Али, хижраның 39-шы жылы, қайтадан Абдул-ла-Амирдің басшылығымен 8000 адамнан тұратын екінші экспедицияны жабдықтап, жібереді. Ол Мұғтарды жаулап алып, осы аймақты басқаруға Халифа тағайындаған Ша-Джерирдің бір адамы келгенге дейін Түркістан аймағын біраз уақыт басқарып тұрды. Бір сөзбен айтқанда, осы үзінділерден «Мұғтың» белгілі кезеңде Орта Азияда үстемдік еткен халық болғанын көруге болады. Қырғыздар (Қазақтар деп түсініңіз) Орталық Азияның барлық кеңістігіне таралған осындай барлық қорғандарды «Мұғтың үйі» деп атайды, бұл «Мұғтардың тұрғын үйлері» дегенді білдіреді»…

Дәл осы кезеңде өмір сүріп, түркі тарихының түп негізін жазып шыққан тағы бір дерекке сөз берейік. Ол Құрбанғали Халидтың «Бес тарих» атты үлкен еңбегі. Аталған еңбектен мұққа қатысты жерін алып, толық бергенді жөн көрдім. «Орал тауына дейін біздің жерлеріміз төбелерге (корым) тола, Үндістанда да сондай деседі. Көпшілік адамдар бұл төбелер Шыңғыс пен жоңғардан қалған белгі десе де, біз көрген қалмақтар мен торғауыттарда өліктің үстіне белгі орнату әдеті байқалмайды. Меніңше, бұл төбелер аңыздарда айтылатын «муғ тарса» қауымының белгілері болар, қазақтар оны «Мұқтың үйі» деседі. «Мүқ», яғни асылы Нух дегені болады. Қарқаралыдан сөзі сенімді Уәли Бекматов айтады: біз жақта орыс пен казақтар Муқ төбесін көп қазды, ашты. Біреулері үш, кейбірі төрт қабат болып, бірінші қабатта тек сүйек пен шөлмек сықылды ыдыстар шықты, екіншісінен еңбек құралдары, үшіншісінен қымбат бағалы нәрселер, алтын-күміс аспаптар табылады. Бір мәйіт (өлік) төртінші қабатта екен, күміспен кебіндепті, енді бір мәйіт тас кереует үстінде қойылған екен, қолында білезік, мойнында алтын алқа, шашы басынын екі жағына төгілген екен деді. Қазіргі сахарадағы төбелерге үй ме, көр ме деп таласады, бірақ анықтап байқағанға олар көр, өйткені оны қазса, сан-дық сияқты жасалған, төртбұрышты тастар шығып, оның ішінен сүйек шығады. Үй болса ондай болмас еді және суға жақын болар еді, судан қашықтығының өзі көр екеніне дәлел болуы мүмкін. Қайтсе де осы төбелер топан судан бұрынғы тайпалардың өнері боп шығады. Топан су басқаннан кейін болса моңғол-қалмақтан басқа бір өнерлі тайпаның ісі болып танылуы керек. Себебі жер астына қойылған тастар тақтайдай жонылып, үстіндегінің дәйекті тұрғаны мұндайды жонуға аспап, һәм ұстаз керек екені, оған қоса біз көріп жүрген қалмақ пен монғолда мұндай тас жону әдеті байқалмайды, тіпті ондаймен ісі де жоқтығын есепке алсақ та түсінікті болар. Қытайлар жасады деуге де жобасы келмейді, қытай мен монғол тайпаларында бұлайша тас жону, жер астынан қабір қазу әдеті болмаған және төбелерден табылған сүйектер өте ірі. Бұлар туралы ешбір тарихтарда баяндалмаған, бұл туралы негізсіз жорамал айтқанмен ғылым мен ой иелері не айтады? Қабірді бұлайша қабат-қабат ету, бұлайша мәйіт қою ешбір халық пен тайпаларда болмаған, байқалмаған ғұрып, сондықтан Нұх яки онан да бұрынғы халықтардың ісі ме деуге аузым барады. Өте көне, ежелден келе жатқан мәдени мұраларға «һарам» деп айтылады, «һарамның езі» «қартаю» деген сез. Осындай жұмысты атқару: үлкен тастарды ағаштай жонып, қиюластыру, бір-біріне ұстату, өте үлкен тастарды таудан қопарып әкелу сынды күрделі жұмыстарды жасай білген халықты кейбір ақымақтар маймылға да ұқсатқысы келеді. Ал анадай төбелерді Шыңғыс заманынан қалды деу ешқандай нанымсыз, өйткені оның заманы аса қашық емес, қазіргі ұрпақтары ескі мәдениетінен біржола арылып, болмаса оныұмытып қалардай болған жоқ. Тарихтан аса хабары жоқтарға салса оның дәуірін де соншалық ұзақ болды деп көп нәрсені соларға жапсыруын көріп жүрміз. Ескі Муғ кауымы мен жаңа монғолдың арасын айыра білмейтіндерден ақыл сұрауға болмайды. Қорытындымыз: біз айтып отырған мәдениет иелері жер бетінен жоғалып, мәңгіге аты өшкен қауымдар болса ғажап емес» (Құрбанғали Халид «Тауарих хамса»: (Бес тарих) Ауд. Б.Төтенаев, А.Жолдасов. — Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1992. 120-121 беттер).

Міне, яғни, ерте заманда бір мұғ деген халықтың өмір сүргені рас. Құрбанғали Халид пен арабтар айтқандай Мұғ-Тарса қауымы Еуразия даласының кеңістігінде жасағаны анық. Мұғ деген сөз біздің қазіргі қазақ сөздерінің ішіне жұрнақ жалғана отырып, өз мағынасынан алшақтаса да онша алшақтамай жетіп отыр. Мысалыға, осы Мық тайпасы атауынан «мықты» деген сөздің негізі келіп шықты. Өйткені, «мұғ» сөзі қасқырды білдірсе де, уақыт өте келе бөрідей күшті, қайсар деген сөзге мағынасы ауып кеткенін байқаймыз. Мына бір мақалаға да көз салып көрейікші. Биболат Сәтжан де-ген кісі 2018 жылы 14 тамызда «Ақмешіт апталығы» сайтында «Мық деген сөз нені білдіреді» атты мақала жариялапты. Осы мақалада: «Қазақ топырағында мық, мұқыр деген жер-су аттары кездеседі. Оларды мәңгілікке жоғалған мықтар немесе мүкрилер тайпасы деседі. Сыр өңірінде де «мық» деп аталатын төбе де бар. Арал ауданы аумағындағы бұл жерді белгілі ақын Мешітбай Құттықов өз шығармаларында суреттеген. Белгілі этнограф, шежіреші, тарихшы Жағда Бабалық өзінің бір жазбаларында 1973 жылы Мәскеудегi орталық кiтапханада Мәшһүр Жүсiп Көпеевтiң араб қарпiмен жазған өз қолжазбасын тауып алған екен. Онда «Арқада мық деген халық болған» деген сөздi оқығанда ерекше толқығандығын келтіреді. «…Бiрден көшiрiп алдым да, Әлкей Марғұланға алып келдiм. Мәнжайды түсiндiрдiм. Ол кiсi ойланып отырды да: «Иә, мықтың үйi дегендi бiлемiн, бiрқаншасын қазып та көрдiм, астында адамның сүйегi жатады, мола екен» дедi. Сондай-ақ, Әлкей Марғұлан «Мықтың үйі» аталып кеткен қорымдарға ұқсас зираттар Енисей өзенінен бастап Дунайға дейінгі аралықта көп екендігін айтады. «Мықтың үйі» моңғол мемлекетінің аумағында, Оңтүстiкте, Орта Азияда, яғни Тәшкен ойпатында кездесетін көрінеді. «Үй» деп шығыста зиратты да айтатыны бар» деген жазбасына қарасақ та бәрі де «мық», «мұғ» деген бір кездері елдің өмір сүргендігін дәлелдейді. Сонымен бірге, Жетпісбаев та өзінің жоғарыда біз айтқан мақаласында «Мұғтың үйі» деп молаларды айтатынын жазған. Ә.Марғұлан да соны айтып отыр. Ал, бұл сөз қазіргі кезде орыс халқына сіңіп, оларда осы «мұғүй» сөзінен «Могила» сөзі пайда болды, яғни, «мола», «мүрде», «қабір» деген сөздердің баламасы болып енді. Бірақ, ешқайсысы да осы «мұғ» тайпасының мәні мен мағынасын және олардың бүкіл Еуразия даласында өмір сүргендігін біле алмаған. Себебі, бұл тайпалар өте ертеде, тіптен Сақтардан да бұрын өмір сүрген болуы да мүмкін біздің бабаларымыз еді. Қазіргі Ақтөбе облысын-дағы Мұғалжар деген тау атының да осы мұғ тайпасынан қалған атау екені белгілі. Яғни, таудың «Бөрінің жары» деген мағына беретінін ұмытып та кеткенбіз.

Міне, біз мақаламыздың басында айтып кеткен арабтардың жаулау барысында ең алғаш кезіккен және арабтарды ойсырата жеңген түркілік тайпалар осы Мұғтар болатын. Жетпісбаевтың жоғарыдағы мақаласында нақты әрі анық айтылған. Бір кездері Орта Азияда құдіреті күшті Мұғ тайпалары болғаны айдананық еді. Әсіресе, осы мұғ, маг тайпалары туралы деректі тегі түркілік Бұлғар тарихшыларының 30 мың жылдық тарихы жазылған деректен іздеп таптық. Бұл тарихи деректе Маг, Мұғ сөздерінің нақты мағынасы айтылады және оның түркілердің ерте замандардағы атауының бірі екенін дәлелдеп береді. Бұл – біз үшін таптырмас ғылыми жаңалық болғаны рас. Енді біраз деректерді аталған Бұлғар деректерімен сөйлетейік. Тіптен, «Мұғұл» деген атауға орыс халқы да жармасып, оны өздерінің түпкі ежелгі атауы ретінде де қабылдап, оны ғалымдары өз еңбектерінде жазып жатыр. Ол деректерді де келтіретін боламыз.

Сонымен, Бұлғарияның түпкі тарихын шежірелеп жазған, ортағасырлық ғалым Бахши Иманның 3 томдық «Джагфар тарихы» атты еңбегінде талай түркі халықтарының тарихы тереңнен қозғалып, көптеген тарихи негіздердің беті ашылады. Біз осы еңбекті зерттеп, зерделей отырып, «мұғ» деген сөздің түп-төркінін осы деректен таптық. Негізі барлық түркілердің ортақ тотеміне айналып кеткен Бөрі кейпі, Бұлғарлардың да негізгі түбі саналады. Джагфар тарихында: ««Булгар» — «қасқырдың басы (булг, бург)» — иделиттердің туы деп аталды, онда қасқырдың басы бейнеленген. Ежелгі Болгар тіліндегі «булг» сөзі «қара» және «қасқыр» дегенді білдіретіндіктен, булгарды» қасқыр» және «қара бас» деп те атады» деп нақтылай түседі. (Оренбург. 2-том Ре-дакция вестника «Болгар иле», 1994. 1997. 62 бет). «Қара бас» атауы жоғарыда айтылған мұғтардың патшасы «Карван Бест» терминін еске түсіретіндей. Міне, қарап отырсаңыздар, барлық түркі баласы өзінің шығу төркінін Бөрімен байланыстырады. Мұны айтып отырғанымыз, біздің негізгі зерттеп келе жатқан түп төркініміз де осы Бөріге тірелгелі тұр. Себебі, түркілердің түп тарихын жазып қалдырған да, талдап мән-мағынасын ашып берген де Бұлғарлардың көне тарихы еді. Жоғарыдағы аталған деректе тағы да өздерінің шығу тарихына қатысты бір аңызды келтіреді. Онда: «Басқа мифте басты кейіпкер – алпауыт Қасқыр. Бірде Жаулар бір Болгар руын жойып, оның соңғы өкілін — биінің (көсемнің) кішкентай ұлын өлтіргісі келгенде, алпауыт Маг-Қасқыр бұған жол бермеді. Ол баланың жараланған анасына күш берді, ол бала-сын үлкен қазандыққа отырғызып, қазанды өзенге лақтыра алды. Өзен баласы бар қа-занды үлкен және өтпейтін батпаққа әкелді. Содан кейін алып Қасқыр Самара дақылының рухын бұғыға айналдырып, батпақтан өзенге өтіп, баланы қасқырдың орына (ініне) апарды. Қасқыр баланы тамақтандырып, кейін ол «ұлы Маг», «мұғ ұлы», яғни, (Қасқырдың ұлы) деп аталып кетті» дейді. Біз «мұғ» сөзінің мағынасына енді көзіміз жетті, Мұғ – Қасқыр, бөрі, барыс деген мағынаны беретін сөз болып шықты. Бабаларымыздың көнеден ұмытылып жеткен сөзі екенін аңғардық. Қасқыр, бөрі сөзінің көптеген баламасы бар екендігі туралы қазақтың ұлы ғалымы Әлкей Марғұлан не дейді екен, оқып көрейік. Ол кісі өзінің «Қазақ халқының эпикалық жырлары, мифтері, ертегілері, аңыз әңгімелері» атты докторлық диссертациясында: «Ескі замандағы наным бойынша бөрі ерліктің, батырлықтың, күштіліктің белгісін білдіреді… «Маңғыс», «адай», «ноғай» деген сөздер бір кездері «Бөрі» мағынасында жұмсалып,, алып ерді ардақтап айтатын лаһап сияқты болған. Ерте замандағы «құс бөрі», «маңғыс», не бергі кездегі «ит құс» деген сөздер «көктің, биіктің құсы» деген мағынадан туған. «Маң», «шың», «бөрі», «таң» деп ерте кезде «көк», «аспан», «биік шың» мағынасында жұмсалған» (Ә.Марғұлан шығармалары, 3-том, «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы. Алматы 2007. 100-102 беттер) деп, қазақтағы қасқырдың атауын тура айтудан қашатын салт-дәстүріне меңзейді, сонымен қатар, оның түркі тілінде көптеген мағынаға ие екенін айтады. Яғни, «мұғ» атауы да бір кездері қасқыр, бөрі атауының бір баламасы болып, халқымыз оны тура атаудан қашуы себепті ұмытылғанға көз жеткіземіз. Және осы жерде айта кететін тағы бір нәрсе, ол ғұлама ғалым Ә. Марғұланның айтып отырған «Маң» сөзі туралы болмақ. Егер «Маң» сөзі де бөрінің баламасы болса, онда қазіргі «Маңғышылақ, Маңқыстау» деген атаулардың да бір кездердегі «Мұғ қышлақ, Мұғ қыстау» деген терминнің баламасы болып шығатынын байқау да қиын емес. Яғни, «Бөрілер қыстауы, бөрілер қышлағы» деген мәнге ие болып шығады. Сонымен қатар, Мұғқыстауға жақын Ақтөбе облысында орналасқан Мұғалжар деген таудың бары белгілі және күні бүгінге дейін ол тау солай аталып келеді. Бұл да «Бөрілердің жары, тауы» деген мағына беретінін енді ұғынғандаймыз. Бұл жерде айтпағымыз таза мағынадағы «Бөрі» емес, сол атауды иемденген халықтардың қонысы, қыстауы деген сөз болғанын жеткізу ғана. Яғни, «Мұғұлдар» (түркілер) мекені деген сөз.

Ал, бұл атауды бүкіл әлемге таратып, алып шыққан тек Шыңғысхан еді. Яғни, Шыңғысхан өзінің құрған ұлы империясын «Мұғұлдар» деп атады. Ондағысы сонау ескі замандарда ұмытылып кеткен бабаларымыздың атауын қайта көтеріп, «Мұғ ұлдары, мұғұлдар (түркілер), Бөрі ұлдары» деген нағыз шынайы да адам жанына, әсіресе барша түркі баласына рух беретін атауды қалыптастырғаны болатын. Шынында да Шыңғыстың қалың әскері бөрідей талап, жайпап әлемді жаулағаны тарихтың алтын сахнасында өшпестей із болып қалды. Ортағасырлық арабтың, парсының көптеген тарихшылары да Шыңғысхан туралы жазғанда Мұғұлдарды (түркілерді) бөріге теңеп, олардың қайтпас-қайсар батырлығын таң қала жырлағанды.

Италиядағы Рим қаласының мұражайында тұрған статуэтка. Бөріні еміп тұрған екі бала. (Интернеттен алынды)

Тіптен, түркілердің сонау жыл санауымыздың арғы мыңжылдығында Египетке дейін жаулап алғанын жоғарыда айтып кеттік. Геродоттың сөзімен айтқанда «Сонымен, скифтер жиырма сегіз жыл бойы Азияны иемденді және олар өздерінің менмендігі мен озбырлығының арқасында бәрін тауға айналдырды». Сол жаулаушылықта Италияға дейін барып, сонда өздерінің қасқырдан тудық деген аңызын таратты. Жай қалдырған жоқ, қалалар соғып, соның бірін өз патшаларының атауымен атап, қасқыр емген қос баланың мүсінін жасап, мәңгілік тарих санасында атой салды. Қазірдің өзінде Италиялықтар өздерінің шыққан тегін сол қасқырдан туған баладан таратады. Олардың аңыздары бойынша Рем мен Ромул соғыс құдайы Марстың егіз ұлдары. Қаншық қасқыр оларды емізіп аман алып қалады. Кейін олардың бірі қорған тұрғызса, екіншісі қорған сыртынан ор қазып, оның қорғанысын арттырады. Сол қорғанның ішінде кейін Рим халқы мен өркениеті қалыптасқан делінеді. Римдіктердің пайда болу туралы тарихында тағы бір аңыз бар, ол — Троя қаласымен байланыстырылады. Троя қаласы күйрегеннен кейін халық өздеріне жаңа қоныс іздейді. Бірнеше жылға созылған бұл сапар халықты әбден торықтырады. Кеме Этрурия жеріне жетіп, дамылдау үшін жағаға тоқтайды. Оны тамашалау үшін халық кемеден түсіп, сейілдеп кеткенде, бітпес сапардан шаршаған бір әйел кемені өртеп жібереді. Көшіп-қонудан шаршаған ол сол Этрурия жерінен өзінің жаңа мекенін тапқандай болады. Қасқырды емген егіз бала мүсінін Троямен байланыстыратын тағы бір дерек Ромулды Энейдің ұлы ретінде баяндайды. Эней Трояның азаттығы үшін жан бере күрескен, алайда ол күйреген кезде қашуға мәжбүр болған троялық батыр. Осылайша, римдіктердің негізін троялықтар қалаған деген де түсінік қалыптасқан. Мүсіннің жалпы композициялық құрылымына зер салып қарар болсақ, әрине Ромул мен Ремді өсіріп, жеткізген қаншық қасқыр туралы миф мазмұны шынында да түркі аңызына өте жақынырақ келеді. Аңыз бойынша б.з.д. 754 жылдары Римнің негізін қалаған егіз екі жігітті сәби кезінде қаншық қасқыр емізгенмыс. Осы окиғаны есте қалдыру мақсатында Римдегі жеті шоқының бірі Капитолийде б.з.д.VI ғасырдың соңында осы мүсін орнатылған, ал кейінгі кезеңде Римнің символы болып сақталып қалды. Ал енді осындағы Троя соғысы да Сақтармен Эллиндіктердің соғысы екенін барлық тарихшы біледі. Қаланы жаулап алу үшін түнде жылқы мүсінін жасап, оған әскерді мінгізіп, қаланың алдына апарып қояды. Троялықтар таң азанда жылқыны көріп, Тәңірдің берген сыйы деп қабылдап, қалаға кіргізіп алады да жеңіліске ұшырайды. Ендігі айтарымыз, жылқыға табынған әлемде бірақ ел бар, ол – түркілер еді, яғни Сақтар. Жылқыны құдайындай көретін Сақтардың оны Тәңірдің сыйы деп құрметтейтінін айтпаса да болады. Әлі күнге дейін қазақтарда жылқы десе ішкен асын жерге қоятыны сол бабаларымыздың сенімінен қалған сарқыншақ еді. Италиялық осы аңыздың түркілерде айтылатын Үйсін Күнбиі Елсау бидің аңызынан еш айырмасы жоқ. Қайта тіптен бір-бірін айна қатесіз қайталап тұр.

Мұның барлығы да тегіннен-тегін емес екенін енді байқап тұрмыз. Тіптен, ежелгі түркілерде Бөрі сөзінің көп атауы болғанын аңғарамыз. «Джагфар тарихы» 2-томында оның барлық атауын талдап береді: «Бөрі — бұл айдың алпысы, аң аулауда, әскери сәттілікте, жеңісте, даңқта қуат береді. Ол — болгар халқының қамқоршысы. Ол қасқыр мен барыстың келбетін қабылдаған. Кейде бір көзді бейнеленген. Бұл алыптың басқа да болгарша (түрікше) атаулары — Чин (Хин), Хон, Синдиу, Сянби, Барыс, Барын (әскери және патша даңқы), Маг, Муг (Мак, Мэк), Мамиль (Мамли), Айчин (Афшин), Кур (Гур), Айбори, Булг (қара), Селытчи (балқытушы) және т.б.» дей отырып: «Болгарлардың тотемі – Қасқыр, Бөрі, Маг, Муг» деп жалғастырады. Тіптен, аң патшасы Арыстанның өзі осы Ұлы Маг деген сөзден шыққанын айтады. «Тұмар ретінде қасқыр терісінен жасалған бас киімдер — “ бөрік “(“бөре” — “Қасқыр”). Бір қызығы, булгарлар бастапқыда итті “эмек” немесе “оймек” (үй маг) — “үй қасқыр” деп атаған, ал Арыстан — “ұлуг маг” «Льваг» (“үлкен қасқыр”) деп аталды» деген деректерге сенбеуге амалымыз жоқ (Джагфар тарихы 2-том. Оренбург. Ответственные редакторы Ф. Г.Х.НУРУТДИНОВ и Р.Ш.ШАРИПОВ 68 бет).

Тағы да осы еңбектерде ең алғаш Мұғұл (түркі) атауын алған патша туралы да жазады. «Джагфар тарихы» (Оренбург, 1997 ж. Редакционная коллегия: С.А.Муртазин, Ф.Г.-Н.Нурутдинов, Р.Х.Тимерханов Редакция вестника «Болгар иле», 1997 ж) жазбасының 3-томында ең алғаш «Магул» деген атақты Болгарияның Ұлы патшасы Кубраттың 635 жылы алғанын айтады. Онда былай дейді: «635 жылы Құрбат Түркі қағанатының құлауын пайдаланып, соғыссыз түркілерден көне идельдік иеліктерді (Кискавказье, Поволжье, Сібір және Қазақстан) тартып алып, өзін дереу болгардың қағаны деп, ал өзінің шексіз империясын — Ұлы Болгария деп жариялайды. Қаған болған Кубрат өзінің белгілі шаман есімін сақтап қалды — «Магулы» — «ұлы (ұлы) Қасқыр (маг, мек)». Ол бұл атауды туғаннан кейін алды — мүмкін әкесінің аты Албөри — Патша (ал) қасқыр (Бөрі)» болғандықтан шығар» деген нақты фактіні алға тартады. Міне, біз іздеген «Мұғұл» деген сөздің мағынасы жер бетінен жойылып кетпей сақталып қалғанының куәсі.

Тіптен осы «Мұғұлы», яғни, «Бөрі ұлдары» атанған тайпалардың атауы Ежелгі Үндістанға да жетіп, онда ол орманда өскен Бөрінің ұлы Мауглиге айналып, аңыз бо-лып кеткеніне де осы дерек куәлік етеді. «Джагфар тарихы» 2-томының 46-47 беттерінде: «Болгар топтары Алтайда, Қытайда, Моңғолияда Бөрі мен Қазан туралы аңыздарды таратты (олардың негізінде ғұн патшалары мен Шыңғыс хан туралы аңыздар пайда болды), Үндістанда Магул есімі «Моголдарға», жабайы қасқыр баласы «Мауглиге» айналды» дейді. Әрине, мұндағы Болгар аңыздары деп отырғанды жалпы түркінің түп тарихы деп түсініңіздер. Ал, енді ағылшын жазушысы Киплинг Редьярд Джозефтың 1894 жылы жазған «Маугли» деген кітабындағы «Мұғ ұлының» тарихына шамалы көз салайықшы. Аталған еңбекте кішкентай бала джунглиге, қасқырлар отбасына түседі. Оны емізіп асыраған анасы қасқыр Ракшаны жақсы көреді. Ол оны «Маугли» (Қасқыр ұлы-Магул)) деп атайды және оны өзінің олжасы деп санайтын Шер-Хан атты жолбарыстан қорғайды. Қасқырлар адам баласын тамақтандырып, өсіреді. Ол өз отбасы санаған қасқырлармен Джунгли Заңында өмір сүреді. Дәл осы аңыз б.д.д ІІІ ғасырларда өмір сүрген Үйсін Елсау бидің аңызына қатты ұқсас. Оны да жас кезінде қасқыр ұрлап, асырайды да, кейіннен сол дәуірдегі тайпалардың бәрі оны Көкбөрі атап кетеді. Мұндай деректер қытайдың 24 тарих еңбегінде көптеп келтірілген. Мысалыға қытайдың «Солтүстік Чинама, 50 бума, 42 баян, Түрік» тармағында түріктер туралы былай дейді: «Түріктер – ғұндардың өзге бір тармағынан. Әулет есімі – Ашина. Олар өз алдына ұлыс құрды. Кейінірек оны көршілес мемлекеті талқандады да, халқын түгел қырды. Бірақ, бір 10 жасар ер баланы жасақтар баласынып, өлтіруге қимай аяқтарын кесіп шалғында иен далаға апарып тастады. Бір қаншық қасқыр үнемі ет әкеліп беріп оны асырады. Ол бала ер жеткен соң қасқырмен жақындасып оны буаз қылды. Бұл баланың тірі екенінен құлақтанған жау елінің ханы оны өлтіруге тағы адам жібереді. Жіберген адамы баланың қасындағы қасқырды көріп, баламен бірге оны да өлтірмекші болады. Қасқыр қашып құтылып Гаучаң елінің солтүстігіндегі тауға келді. Тауда бір үңгір болыпты, үңгір іші аумағы бірнеше жүз ли келетін төрт жағы таумен қоршалған шалғынды жазық екен. Қасқыр сол араға бой жасы-рып, 10 ұл тапты. Бұл он бала ержеткен соң сырттан әйел алып бала сүйді. Әрқайсысының өз науғысы болды. Ашына – солардың бірінің науғысы. Олар өсіп-өніп бірнеше жүз отбасы болды. Бірнеше ұрпақтан кейін олар бірінен соң бірі үңгірден шығып нөнелерге бағынды. Алтынтаудың күнгейін мекен етіп, нөнелерге темірші болды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Олар дулығаны өз тілдерінде «Түрік» дейді. Осылайша бұл сөз олардың халық аты болып қалды» («Ұлы Түрік қағанаты» Қытай деректері мен түсініктер. Ауд: К.Қайыржанұлы, Ә.Ақыштайұлы, Ш.Ахметұлы, Е.Мазанұлы. Құрастырушы Шадыман Ахметұлы. ҚХР Шыңжаң Жастар-өрендер баспасы. Үрімжі 2006 ж. 27 б).

Әрине, бұл аңыз ретінде айтылса да «аңыз түбі – ақиқат» деген қағидадан алшақ кетпейтінін ұғынамыз. Яғни, түркілер осылайша өз тектерін Ашина – бөрі болған қасқырдан шығарады. Индиядағы Маугли аңызының да, Италиядағы Рим қаласының соғылуы мен олардың қасқырдан тарадық деген аңызы да осы түркі аңызынан барған желі екенін аңғаруға болады.

Үйсін Күнбиі Елсау мен ағасы Жантайдың қасқырды еміп жатқан суреті (Интернеттен алынды)

 17 ғасырдың ғұламасы Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты шежіре кітабында да осыны жазады. Осы еңбекте: «Моғол деген атау да Абыл ұрпақтарына берілген есім» (Алматы: «Жалын», 1993 ж. 42 бет) дейді. Ал, Абыл атамыз Елсау бидің үлкен ұлы Нулының баласы. Бұл дегеніңіз жер бетіндегі барша Түркілердің өздерінің түп атасын қасқыр асырап, қасқыр емізді деп, одан тараған ұрпақтардың өзін бөрі тектіміз деп санаған аңызынан еш айырмасы жоқ! Міне, біздің бабаларымыздың сонау есі жоқ ескі замандардан бері өздерінің «Қасқыр асырады, Бөріден тарадық» дейтін аңыздарының әлемнің көп еліне тарап, солардың мәдени-рухани дүниесіне азық болып кеткенін байқап отырмыз. Бұл – ақиқат!

Қазақ шежіресі мен аңыздарын өз заманында ел аралап жүріп көп жинаған Мәшһүр Жүсіп Көпеев те: «Қазақтың түбі – Мұғыл-Татардың Мұғылынан шығады, арғы атасы Түрік болады» (М.Ж.Көпей-ұлы «Шығармалар жинағы». Алматы «Ел-шежіре», 2010 ж. 10-том. 198 бет) деп жазған екен. Осындай қаншама деректер мұғұлдардың (түркілердің) бұрыннан бар халық екенін, түп атасы түрікке тіреліп, заманымыздан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүргендігін және олар мұғ деп аталғаны жайлы деректерді алдымызға тартуда. Тағы бір мына деректі орталарыңызға салғым келеді. Осыдан екі жылдай бұрын ел арасынан табылып, қазақшаға аударылған «Қиссадастан Шыңғысхан» атты қолжазба бар. Авторы Әбдрахман Өзкенди деп аталатын Шыңғысхан ұрпағы. Осы еңбекте Шыңғысханның қиссасы айтылып келіп, оның Бұқара қаласын жаулап алғаны жазылады. Осы жерде керемет бір дерек бар. Сол үзіндіні келтірейін: «Тарих алты жүз он бесте Шыңғысхан сансыз әскермен өз жұртынан аттанып Отырар үстіне келді. Бір ұлын Хожанд тарапына жіберді. Қалған әскерін жинап, өзі Бұқара тарапына аттанды. Бұқара демек, мұғ тілінде ғылыммен айналысқан ғалымдарының жиналған жері деген мағына береді» (Әбдрахман Өзкенди «Қиссадастан Шыңғысхан» Қолжазба факсимилесі. Аударғандар: З.Жандарбеак, З.Муминова. Алматы: Қазақ университеті, 2020 ж. 64 бет (38-б)) деген ақпарға көз жүгіртіп қарасақ, мұғ деген ел барын және олардың өз тілі бар екенін нақты жазып отыр. Дәл осы деректі Әбілғазы Баһадүр хан да: «Мұғұл (түркі) тілінде «Бұқара» деген сөз – ғылымның жиналған жері деген сөз» (Әбілғазы Баһадүрхан «Түрік шежіресі». Ауд: Б.Әбілқасымұлы. алматы: «Ана тілі» баспасы, 2006 ж. 73 бет) деп қайталап айтады. Ортағасырдағы Шыңғысхан тарихы жазылған еңбектің бәрі де осы мағынада айтады. Тек, «Зафарнама» еңбегінде ғана кішкене болса да толықтырылған деректер бар. «Бұхара сөзінің түбірі Бұхар сөзінен алынған. Оның мұғұл (түркі) тіліндегі мағынасы «ілім жинағы» болады (аңғартады). Бұл сөз пұтқа табынушы ұйғырлар мен қытайлықтар тілінде (айтылуы да мағынасы да) жақын, яғни олардың пұттары қойылған сыйынатын орындары «бұхар» деп аталады» (Шараф ад-дин Әли Йазди «Зафар нама» (Жеңіс кітабының 1-томы), «Тарих-и жахангир». Кітапты түпнүсқадан аударып, түсініктеме жазгандар: Оразбай Зэріпбай Жүманүлы, Оразбаев Мухаммедзафар Зәріпбайұлы. Нұр-Сұлтан: «Ғылым» баспасы, 2021 ж. 123 бет) деген дәйегіне қарап та мұғұлдардың көзі ашық, көкірегі ояу халық болғанын байқаймыз.

Алтайдағы тау тастарына салынған петроглиф Бөріні еміп жатқан екі баланың суреті.

Сонда деймін-ау, Европалықтар айтып жүрген мұғұл (түркі) халқы жабайы, білім-сіз, ғылымсыз сахарада көшіп жүрген ел болатын болса қалайша мыңдаған жылдардан бері Бұқар деп аталып келген қала атын өздері қойғандай «Мұғ тілінде» деп айтады? Яғни, бұдан түсінгеніміздей Бұқара қаласын атам заманнан мұғ тайпалары мекендеп және салдырып, өздерінің тілінде солай атағаны болмай ма? Міне, бұл да біздің ойымыздағы мұғ тайпасының ерте заманнан осы өңірлерде жайлап, қалалар салдырғанын және олар да ілім-біліммен айналысқан жартылай отырықшы халық болғанын дәлелдей түседі. Себебі бұған Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінде қазіргі күнге дейін сақталып қалған «Мұғ тепе», «Мұғ қорған», «Мұғ тауы» және Қазақстан-дағы «Мұғ-алжар тауы» деген атаулардың бары дәлел.

Ал, енді осы жерде тағы да Әбу Райхан әл-Бируниға сүйене отырып, ең маңызды да ең керемет әлемге Шыңғысхан басқарған мұғұлдардың келетіні жайлы қызықты деректі келтіргім келіп тұр. Абу Райхан әл-Би-руни өзінің жоғарыдағы «Памятники минувщих поколений» еңбегінің 219-220 беттерінде: «Заратуштрадан кейін 1500 жылдан соң бүтін билікке магтар (мұғұлдар) келеді. Абу-Абд-Аллах-аль-Ади магтардың келетініне сеніп, жұлдыздар мен планеталардың бірігуі арқылы болжам жасаған. Оның болжамынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі планеталардың 18-ші бірігуінде Магтардан бір адам келеді. Ол барлық жер шарының билігін қолына алады. Ол арабтардың және басқалардың патшалықтарын жояды, елдерді бір дінге біріктіреді, бір билікке топтастырады, жауыздықты жояды деп болжам жасаған екен» (Перевод М.А.Салье. Ташкент-1957 ж. 219-220 беттер. Академии Наук Узбекской ССР) деген дерегі біз үшін нағыз бастаухаттың өзі болмақ. Яғни, Мұғтардан бір адам келіп әлемді жаулап, бір дінге, бір билікке бағындыратын адам – Шыңғысхан болғанына еш күмәнім жоқ. Міне, Заратуштра б.д.д 600-500 жылдары өмір сүргенін ескерсек, одан кейінгі 1500 жыл Шыңғыстың дәуірі екеніне және мұғұлдардан шығатыны туралы айтқаны біздің еш күмәнімізді келтірмейтін ақиқат еді. Әрине, сол кездегі жұлдызшылар 100-150 жылға қателескенімен әлемге мұғұлдардың шыққаны рас қой?! Кез-келген көріпкелдің құдай емес екенін және оның да қателесуге қақысы бар екенін бәріміз білеміз. Бұған Әбу Райхан әл-Бируни: «Оның айтқан уақыты тек аль-Муктафи және аль-Муктадирге келеді, сондықтан аль-Адидің болжамы орындалған жоқ» — деп сенбеген екен. Бірақ, ол жұлдызшы-ның айтқаны орындалды, маг-мұғтардан, яғни, магул-мұғұлдардан шыққан бір адам – Шыңғысхан – бүкіл әлемді жаулады. Шыңғысханның «Мұғ» деп аталатын тайпадан шыққаны, түбінің түркі екеніне енді осы деректерден соң ешкім дау айта алмас деп ойлаймыз.

Бірақ, «Мұғ, Мұғұл» деген атауға орыстардың да жармасып жүргенін біз бағана жоғарыда жазған едік, енді, олардың да еңбегінен дерек келтіре кетейін. Орыстар бұл атауды өздеріне жармастырмақ ойларының түп негізі Алтын Орда тарихын зерттеуден шыққан құбылыс еді. Себебі, олар әлемді жаулаған мұғұлдардың ұрпағы Алтын Орданы зерттеп, оны өздеріне тарта отырып, бұл – Ұлы Рустің мемлекеті, мұғұл (түркі) деген атау да Руске тиесілі деген ойды айтып, әлемге бөрідей тиіп, үстем етуші бізбіз дейтін пасықтығы еді. Мысалы, орыстың тарихшылары А.Т.Фоменко, Г.В.Носовскийлардың «Русь и Орда. Великая империя средних веков» атты «АСТ, Астраль» баспасынан 2007 жылы Москвада шыққан еңбегінде былай дейді: «Моңғолия атауының шығу тегі туралы ойланамыз. Бұл негізі орыстың «много-көп», «множество-көпшілік», «многочисленное войско-көптеген әскер» сөздерінен шыққан болуы мүмкін. Сонымен қатар, Монғолия сөзі орыстың «Мощь-күш», «мог-мүмкін», «могущество-алып күш», күш (демек, Магог), көпшілік дегені. Ал, НА.Морозов болса, Моңғолия деген, бұл грек сөзі — МЕГАЛИОН, яғни «Ұлы-Великий» деген мағынаны білдіреді дейді. Бірақ, мегалион деген сөздің өзі славян тілінен шыққан много-көп, мог-күштілік болуы мүмкін. Біз Стамбулдағы Хор шіркеуіндегі ескі мозаиканы алып көрдік. Онда Моңғолия сөзі — МУГУЛИОН, яғни мегалион сияқты жазылған. Осы уақытқа дейін Шығыс Ресей Ұлы Ресей деп, яғни Великоросс деп аталады. Біздің гипотезамыз келесідей: “Моңғол” империясы, бұл — ұлы Империя. Яғни, ортағасырлық Ресей мемлекеті дегіміз келеді» дейді. Иә, шынында да «мог» сөзі «мұғ» сөзінен шыққаны рас. Бірақ, орыстар осы атаудың түркінің сөзінен орыстарға дәл солай күштілікті, бөрілікті білдіретін мағынада сіңгенін мойындағысы келмейді немесе мағынасын еш түсінбегені. Олар ол сөзді тек орыстың сөзі ғана деп қабылдап жіберді. Ал, орыстардың 90 пайыз сөзінің құрамы түркілік сөздер екенін сонау 1970 жылдарыақ Олжас Сүлейменов ағамыз өзінің «Аз и я» кітабында дәлелдеп қойғанын білеміз.

Сонымен ойымызды қорыта айтар болсақ, 13 ғасырда әлемді қойға шапқан қасқырдай талапайға ұшыратқан Шыңғысхан бастаған мұғұлдардың ешқандай да бөтен ел емес, өзіміздің Мұғ, Сақ, Ғұн секілді көне бабаларымыздың ұрпақтары екенін шындықпен айту еді. Тарихты жете зерттемегеннен осы уақытқа дейінгі мұғұлдарды гректердің сөзімен «маг, мог, магол, могол» деп атадық. Ең жаманы кейінгі тарихшылар «Мың қол», «Мәңгі ел» деген сияқты атаулармен шатастырып, оларды қазіргі көзі қысық, сөзі қисық Манғолия мемлекетінде отырған Манчжурлардың ұрпағына теліп келдік. Бұл — көшпенділер десе төбе шашы тік тұратын орыстар мен европа ғалымдарының бізді, түркі баласын бытшыт қылып таратудың амалдары болатын. Ең бастысы, өзіміздің ата-бабаларымыз салған сара жолдан айнымай, өз тарихымызды қайта жазуға мүмкіндік алдық. Осындай мүмкіндіктер туындап тұрған уақытта көне түркі сөздерінің, әсіресе, халықтың атауына айналып кеткен сөздерді жете зерттеп, мағынасын ашып алғанымыз дұрыс дер едім. Бұл біздің ертеңгі болашағымыздағы жас ұрпақтың алдында бетіміз ашық, жүзіміз жарқын болатұғұн істердің бір парасы болар еді. «Мұғ-мұғұл», «маг-магия», «мог-мощ», «мық-мықты», «Магог-гог» сөздерінің барлығы да осы «Мұғ» сөзінің баламасы болғанын және де «Мұғ – Бөрі» сөзінің синонимі екеніміз айтқымыз келеді. «Мұғ ұлдар – Бөрі ұлдары» деген ұранды сөз – біз үшін нағыз рухты атау!

СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ:
Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым!
Біз – әлемді жаулаған түркінің ұрпағымыз!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Геродот «Истории в девяти книгах». І книга «Кліо».
  2. К.Наукова, думка, 1993 г. А.Билецкий: предисловие, перевод, примечания. 104, 105, 106 бөліктер.
  3. «Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» Алматы «Өнер» баспасы, ауд: Ж.Мырзаханұлы, Ә.Ақыштайұлы, К.Қайыржанұлы, Ш.Ахметұлы. 36 бет
  4. Мекемтас Мырзахметов «Тұранның ұлы қағаны» «Ақ жол» газеті, 2001 ж. 10 наурыз
  5. Геродот «Истории в девяти книгах». І книга «Кліо». К.Наукова, думка, 1993 г. А.Билецкий: предисловие, перевод, примечания. 101 бөлік
  6. Л.Гумилев «Көне Түріктер». Алматы «Білім» баспасы, 82 бет.
  7. Ибн Әл-Факих «Китаб ахбар ал-булдан» (пер. С.Л.Волин. Арабские и персидские источники. М.-Л. АН СССР 1939 г.)
  8. Ибн Хордадбек «Книга путей и стран». Баку: «Элм» баспасы, 1986 г. Перевод с арабского, комментарии, иследование, указатели и карты Наили Велихановой. 65-66 беттер.
  9. Шараф ад-дин Әли Иезди «Тарихи жахангир» Зафарнама. (Әлемді жеңіп алушының тарихы. (XV ғ.). Түпнүсқадан аударып, түсініктеме жазгандар: Оразбай Зэріпбай Жұманұлы, Оразбаев Мухаммедзафар Зәріпбайұлы. Нұр-Сұлтан: «Ғылым» баспасы, 2021. — 9 бет).
  10. Алишер Навои. Сочинение в 10 томах. 1-том. Издательство «Фан» Узбекской ССР. Ташкент 1968 г. 11 бет
  11. Усман Амир ибн ал-Джахиз «Послание ал-фатху бин хакану о достоинствах тюрков и остального халифского войска» (пер. Ф.М.Асадова. Текст воспроизведен по изданию: Арабские источники о тюрках в раннее среденевековье. Баку. 1993)
  12. Саидмурод Бобомуллоев пен Насрулло Убайдуллоевтың «Таджики в исторических источниках и трудах исследователей» (Душанбе, 2018 ж, «Дониш» 21 бет)
  13. Абу Райхон Бируни «Индия» (Москва. Научно-издательскии центр «Ладомир» 1995 ж. 66 бет).
  14. Абу Райхон Бируни «Памятники минувщих поколений» (Перевод М.А.Салье. Ташкент-1957 ж. 205 бет. Академии Наук Узбекской ССР).
  15. Хамза Көктәнді «Алтын төркін» 1-кітап, Алматы «Қасиет» баспасы 2020 ж. 252-253 беттер
  16. Уахит Шалекенов «Орталық Азиядағы Ариилердің өркениеті» Алматы «Қазақ университеті» 2011. 7-9 беттер, 21-22 беттер.
  17. Шамс ад-дин ад-Димашки «Нухбат ад-дахр фи ‘аджа’иб ал-барр ва-л-бахр» («Выборка времени о диковинках суши и моря») пер. В. В. Матвеева. Текст воспроизведен по изданию: Древние и средневековые источники по этнографии и истории Африки южнее Сахары. Т. 4. Арабские источники XIII-XIV вв. Восточная литература. 2002
  18. «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері» 1-том. С.Сұңғатай, Б.Еженханұлы. Алматы «Дайк-Пресс» баспасы, 2005 жыл.
  19. Ибн Әл-Факих «Китаб ахбар ал-булдан (пер. С.Л.Волин. Арабские и персидские источники. М.-Л. АН СССР 1939 г).
  20. Абу Райхон Бируни «Памятники минувщих поколений» (Перевод М.А.Салье. Ташкент-1957 ж. Академии Наук Узбек-ской ССР. 54 бет.).Абу Усман Амир ибн ал-Джахиз «Послание ал-фатху бин хакану о достоинствах тюрков и остального халифского войска» (пер. Ф.М.Асадова. Текст воспроизведен по изданию: Арабские источники о тюрках в раннее средневековье. Баку. 1993)
  21. Абу-л-Хасан ал-Мас’уди «Китаб мурудж аз-захаб» (пер. В. Г. Крюкова. Текст воспроизведен по изданию: Сведения ал-Мас’уди о народе ал-Ифранджа // Письменные памятники Востока. 1978-1979. М. Наука. 1987)
  22. Абд ар-Рашид ал-Бакуви «китаб талхис ал-асар ваджайб ал-малик ал-каххар». пер. З.М.Буниятова Масква. 1971г.
  23. Абу Райхон Бируни «Памятники минувщих поколений» (Перевод М.А.Салье. Ташкент-1957 ж. Академии Наук Узбек-ской ССР. 54 бет.).
  24. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ит-Түрік». Аударған: А.Егеубай. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006 ж. 1-том, 85 бет
  25. «Насабнама». Исламизация и сакральные родословные в центральной азии: Наследие Исхак баба в нарративной и генеалогической традициях. Алматы-Берн-Ташкент-Блумингтон. Дайк-Пресс 2008. Составители: Аширбек Муминов, Анке фон Кюгельген, Девин Ди Уис, Михаэль Кемпер
  26. «Протоколы заседаний и сообщений членов Туркестанского кружка любителей археологии. Историко-культурные памятники Казахстана. Авторы предисловия и составители М.Елеуов, М.Бахтыбаев. Туркестан: «Туран», 2001 г. Жет-пісбаев 1900 г. Ташкент «Слово «Муг», курганы и каменная баба». 219-222 беттер
  27. Құрбанғали Халид «Тауарих хамса»: (Бес тарих) Ауд. Б.Төтенаев, А.Жолдасов. — Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1992. 120-121 беттер.
  28. Биболат Сәтжан «Мық деген сөз нені білдіреді», «Ақмешіт апталығы» сайты. 14 тамыз 2018 жыл
  29. Бахши Иман «Джагфар тарихы». (2-том. Редакция вестника «Болгар иле», 1994. 1997. 62 бет).
  30. Әлкей Марғұлан «Қазақ халқының эпикалық жырлары, мифтері, ертегілері, аңыз әңгімелері» (Ә.Марғұлан шығарма-лары, 3-том, «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы. Алматы 2007. 100-102 беттер)
  31. Бахши Иман «Джагфар тарихы». (2-том. Редакция вестника «Болгар иле», 1994. 1997. 62 бет).
  32. Бахши Иман «Джагфар тарихы» 3-том. Оренбург, 1997 ж. Редакционная коллегия: С.А.Муртазин, Ф.Г.-Н.Нурутдинов, Р.Х.Тимерханов. Редакция вестника «Болгар иле», 1997 ж)
  33. Бахши Иман «Джагфар тарихы». (2-том. Редакция вестника «Болгар иле», 1994. 1997. 62 бет).
  34. «Ұлы Түрік қағанаты» Қытай деректері мен түсініктер. Ауд: К.Қайыржанұлы, Ә.Ақыштайұлы, Ш.Ахметұлы, Е.Мазанұлы. Құрастырушы Шадыман Ахметұлы. ҚХР Шыңжаң Жастар-өрендер баспасы. Үрімжі 2006 ж. 27 б.
  35. Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің «Түп-тұқианнан өзіме шейін» Алматы: «Жалын», 1993 ж. 42 бет
  36. М.Ж.Көпейұлы «Шығармалар жинағы». Алматы «Ел-шежіре», 2010 ж. 10-том. 198 бет
  37. Әбдрахман Өзкенди «Қиссадастан Шыңғысхан» Қол-жазба факсимилесі. Аударғандар: З.Жандарбеак, З.Муминова. Алматы: Қазақ университеті, 2020 ж. 64 бет (38-б)
  38. Әбілғазы Баһадүрхан «Түрік шежіресі». Ауд: Б.Әбілқасымұлы. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2006 ж. 73 бет
  39. Шараф ад-дин Әли Иезди «Тарих-и жахангир» Зафарнама. (Әлемді жеңіп алушының тарихы. (XV ғ.). Түпнүсқадан аударып, түсініктеме жазгандар: Оразбай Зэріпбай Жұманұлы, Оразбаев Мухаммедзафар Зәріпбайұлы. Нұр-Сұлтан: «Ғылым» баспасы, 2021. — 123 бет).
  40. Абу Райхон Бируни «Памятники минувщих поколений» (Перевод М.А.Салье. Ташкент-1957 ж. 219-220 беттер. Акаде-мии Наук Узбекской ССР).
  41. Г.В.Носовский, А.Т.Фоменко, «Русь и Орда. Великая империя средних веков», «АСТ, Астрель» баспасы 2007 ж, Москва